Архив событий

01/06/2017

«Медиацияны қолдану – дауды бітімгершілік жолымен шешудің тиімді тәсілі»

01/06/2017

Қобда аудандық соты  талап қоюшы Б.-ның жауапкер Т.-ға қарыз ақшасын өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс  қаралды.

Талап қоюшы Б. жауапкер Т.-дан осы күнге дейін  бермей жүрген   қолхатқа сай  60855 теңге берешек ақшаны өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Сот отырысында  тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша арызды ұсынып, істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 20 тәулікке қамауға алынды

01/06/2017

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 6-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру). қозғалған азамат М.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотпен медиативтік келісім бекітілді

01/06/2017

Сотпен медиативтік келісім бекітілді

 

2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Заңның басты мақсаты дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

01/06/2017

Ойыл аудандық сотында азамат Б. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 207 -бабының 12-бөлігімен (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы  шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру) әкімшілік ісі қаралды.

Әкімшілік іс қысқартылды

01/06/2017

Қарғалы аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша, яғни ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіретін іс-әрекеттерді жасаған үшін аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша құқық бұзушы Е. өз үйінде өзінің туған әкесіне былапыт сөйлеген.

Сот бұзақыны әкімшілік қамауға алды

01/06/2017

Байғанин аудандық сотында ұсақ бұзақылық дерегі бойынша Б.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, Б.А. алкогольдік масаң күйінде Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Қазақстан көшесінде орналасқан дүкеннің қасында, яғни қоғамдық орында, адамдардың көзінше дәрет сындырып, ортақ пайдалану орынын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылықты көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Мұғалжар аудандық сотында брифинг өткізілді

01/06/2017

Мұғалжар аудандық сотында  шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуына қатысты қаралған әкімшілік істер бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке аудандық соттың судьясы Ж.М.Сейтжапаров және «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі А.Есқара  қатысты.

«Балаларды қорғау күні» мерекесімен құттықтады.

01/06/2017

«Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай  Ырғыз аудандық  сотының судьясы С.Махамбетов, бас маман Г.Төлегенова Ырғыз ауылында орналасқан «Ақбота» сауықтыру шипажайында болды.

Бұл шипажайда ата-аналарының денсаулығына  байланысты  оқшаулатылған 1-5 жас аралығындағы 15  бүлдіршін тәрбиеленуде.                      10 жылға жуық жұмыс істеп жатқан бұл шипажайдың  басты мақсаты егемен еліміздің болашақ ұрпақтарының қалыпты жағдайда  өсуіне қамқорлық көрсету, басты ұраны «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы».                                        

Қылмыс құрамы болмауына байланысты сот сотталушыны ақтады

01/06/2017

Алға аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 131-бабының бірінші бөлігіне сәйкес айыпталған азаматша Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, жеке айыптаушы М. жеке  шағымында,  05 мамыр 2017 жылы Т. «Алға қаласының әкімі аппараты» ММ-сі ғимаратының ішінде, оның абыройы мен қадір  -қасиетін әдепсіз түрде кемсітіп, ар-намысына тиетін сөздер айтып, оның қадiр-қасиетiн қорлағаны үшін жауапқа тартуды сұраған.

Әкімшілік істе тараптар бітімгерлік келісімге келді

01/06/2017

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабы 2-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Е.С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат Е.С. өзімен бірге тұратын анасы Б.Т.-ға қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

«Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

01/06/2017

Қарғалы аудандық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге  аудандық соттың төрағасы Н.Аманкулова, аудандық әділет басқармасы басшысы Мухамбеталин А.Н., аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Е.Сарманов және жеке сот орындаушы К.Утегенов қатысты.

Жол қозғалысы қатысушылардың дауы бітімгершілік келісімімен реттелді

01/06/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы К.-ның  жауапкер П.-қа жол көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Жаза мерзімі қысқартылды

01/06/2017

13.12.2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау» туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы 2-тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағының күші қолданылмайтын, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда, осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жаза мерзімінің өтелмеген бөлiгiнің төрттен бірі қысқартылады.

Жаза мерзімі қысқартылды

01/06/2017

13.12.2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау» туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабы 2  тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағының күші қолданылмайтын, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда, осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жаза мерзімінің өтелмеген бөлiгiнің төрттен бірі қысқартылады.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

01/06/2017

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотымен азамат М-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) әкімшілік іс қаралған.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін ескерту

01/06/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2017 жылдың 29 мамырында сағат 12 сағат 30 минутта, Ақтөбе облыстық сотының сот отырысы залында, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыға берілген шағымды қарау барысында судьяның ескертпесін елемей, сот залынан өз еркімен шығып кеткен, яғни осы әрекетімен сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653 бабының 1-бөлімінде (сотты құрметтемеушілік, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан көрiнг

Мас жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

01/06/2017

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы Д.А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Д.А. «Chevrolet Niva 2123» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарып, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармақтарын бұзып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Ұсақ бұзақылық жасаған

01/06/2017

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі  (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша С.-пен Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Медиативтік келісім шарт бекітілді

01/06/2017

Ақтөбе облысы Алға аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сот отырысында құқық бұзушы А. 10 сәуір 2017 жылы өзінің  үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзінің азаматтық некедегі жолдасы К-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, лас сөздермен балағаттап, үйдің тыныштығын бұзып, қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды.