Мұғалжар аудандық сотында «Ашық есік» күні өтті
2017 жылғы 19 маусымда Мұғалжар аудандық сотында азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес кеңестер беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шара барысында сот төрағасы С.З.Тасымбетовпен аудан тұрғындарының көкейіндегі салық берешектері, отбасы даулары және тұрғын үй қатынастары туралы сұрақтарына жауаптар берілді.