Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200-бабының 2-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша (автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) К. мен О-ға қатысты қылмыстық ісін қарады.

Іс материалдарына сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айында К. мен О. көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу мақсатында, жәбірленушінің өмiрі мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жәбірленуші Щ-ға жақындап, оның бетінен ұрып, оған тиесілі автокөлікті иеленіп, қылмыс жасаған жерден кетіп қалған.

Сот процесі барысында тараптар медиация тәртібімен бітімгерлікке келді. Тараптар К. мен О-ға қатысты қылмыстық істі қысқартып, медиациялық келісімді бекітуді сұрады.

Хромтау  аудандық сотының қаулысымен К және О-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200-бабының 2-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша теріс қылық жасау қылмыстық ісі тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндіріспен қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі