Автокөлікті кайталап алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF
Шалқар аудандық сотында азамат  Д.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс материалдары бойынша,   2017 жылдың 01 маусымда  сотталушы Д. бұрын  осы соттың 2014 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  467-бабының 1-бөлігімен үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанымен, Шалқар қаласы, Желтоқсан көшесі бойында автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сотта сотталушы Д. кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен сотталушы Д. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) кінәлі деп танылып, үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып,  ол 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.       

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар