Мұғалжар аудандық сотында «Ашық есік» күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылғы 19 маусымда Мұғалжар аудандық сотында азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес кеңестер беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында сот төрағасы С.З.Тасымбетовпен аудан тұрғындарының көкейіндегі салық берешектері, отбасы даулары және  тұрғын үй қатынастары туралы сұрақтарына жауаптар берілді.

Сот төрағасы С.З.Тасымбетов қолданыстағы заңнамаларға сәйкес азаматтардың сұрақтарына нақты түсіндірмелер беріп, даулы мәселелерді татуластыру рәсімдерін пайдалану арқылы, оның ішінде медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі жөнінде айтып кетті.

Сонымен қатар, сот төрағасы «Ашық есік күні» іс-шарасында қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берілуіне аса мән беріліп, тиімді жұмыстар атқаруды мақсат етіп отырғанын атап өтті.   

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі