«Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар  аудандық сотында  сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында сот төрағасының м.а. Ж.М.Сейтжапаров азаматтарды қабылдап, «Ашық есік күні» шарасын өткізді.

Шара барысында сот төрағасының м.а. Ж.М. Сейтжапаровқа  аудан тұрғындары  көкейтесті мәселелерімен жүгінді. Оның ішінде жеке меншік үйді сату, сатып алу мәселелері, жалпы үй мәселелері бойынша және заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы сұрақтарымен жүгінген.

Сот төрағасының м.а. Ж.М. Сейтжапаров аудан  тұрғындарына қойылған сұрақтарына қатысты әрекет ететін заңнаманың нормаларын түсіндіріп, жан- жақты, толыққанды жауап берді.

Шара соңында аудан тұрғындары сот төрағасының м.а Ж.М.Сейтжапаровқа  алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі