Мұғалжар аудандық соты

Заңнамалық актілерге өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жүргізілді

04/06/2019

Мұғалжар аудандық сотында судья жеке сот орындаушылардың қатысуымен кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы Заңның жекелеген ережелерін тәжірибеде жүзеге асыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Ашық есік күні» өткізілді

14/09/2018

Мұғалжар  аудандық сотында  сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында сот төрағасының м.а. Ж.М.Сейтжапаров азаматтарды қабылдап, «Ашық есік күні» шарасын өткізді.

Шара барысында сот төрағасының м.а. Ж.М. Сейтжапаровқа  аудан тұрғындары  көкейтесті мәселелерімен жүгінді. Оның ішінде жеке меншік үйді сату, сатып алу мәселелері, жалпы үй мәселелері бойынша және заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы сұрақтарымен жүгінген.

Мұғалжар аудандық сотының судьялары ардагерді мерекесімен құттықтады

05/05/2018

Бүгін Мұғалжар аудандық  сотының судьялары Отан қорғаушылар күні мен Ұлы мереке Жеңіс күні мерекелері қарсаңында Ұлы Отан Соғысы ардагерлері  Проскурняк Артем Алексеевичті (1017 жылы туған) құттықтады.

Шара барысында ардагер соғыс уақытындағы ауыртпалықты айта отырып, бейбіт күннің қадірін біліп, қастерлеуге шақырылып, жылы лебізді, шын жүректен шыққан тілектерін айтып, ақ батасын берген. 

«Дауды сотқа жеткізбей, соттан тыс шешу мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

23/04/2018

В Мугалжарском  районном отделении  РГП «Центр обслуживания населения»  проведен круглый стол на тему «Возможености разрешения спора   не доводя до суда».

В мероприятии приняли участие судьи районного суда Мусина А.Е. Кендирбаева Н.Е., профессиональный  медиатор Казиева А.Д. и сотрудники РГП «Центр обслуживания населения».

Мұғалжар аудандық сотында семинар өтті

18/04/2018

Мұғалжар аудандық  сотында "Сот шешiмi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша семинар өтті.

Іс-шараға Мұғалжар аудандық сотының  судьялары және сот қызметкерлері қатысты.

«Сот жүйесінің жаңашылдықтары» тақырыбында кездесу өткізілді

13/04/2018

Мұғалжар аудандық сотының  төраға м.а Н.Е.Кендирбаева, кеңсе маманы А.С.Сатканбаева және аға сот приставы Б.А.Баимбетов   Мұғалжар гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттерімен «Сот жүйесінің жаңашылдықтары» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында судья  студенттерге  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында сот жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерiстерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдану тарихын айтып өтті.

Мұғалжар аудандық соты 2018 жылдың 3 айы жұмысын қорытындылады

06/04/2018

Мұғалжар аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысумен 2018 жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы м.а  Н.Е.Кендирбаева  және «Мұғалжар» газетінің тілшісі А.Есқара қатысты.

Өз сөзінде сот төрағасы м.а Н.Е.Кендирбаева  2018 жылдың 3 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысына тоқталды.

Электронды форматта қылмыстық іс жүргізу

26/03/2018

Мұалжар  аудандық сотында  Электронды форматта қылмыстық іс жүргізу атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Шараға аудандық соттын  төрағасы  м.а Ж.М.Сейтжапаров, судьялар, прокуратура және  ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

Қазіргі қоғамдағы гендерлік теңдік

26/03/2018

Мұғалжар аудандық  сотында «Қазіргі қоғамдағы гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті. Дөңгелек үстелдің  мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, сонымен қатар, осы гендерлік теңдік саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы қатысушыларға айтып жеткізу.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың  судьялары,  желілік полиция бөлімі және аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.    

«Электронды сот төрелігі» тақырыбында кездесу өткізілді

19/03/2018

Мұғалжар аудандық сотының  судьясы А.Е.Мусина  Қандыағаш қаласының №3 орта мектебінің оқушыларымен  «Электронды сот төрелігі» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында судья  оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттерін, Әкімшілік құқық бұзушылық және Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер туралы, соның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруге, шылым шегуге, алкогольдік ішімдіктерін ішуге тыйым салынғаны туралы сот тәжірибесінен мысалдар келтіріп айтты.

Беттер