Мұғалжар аудандық сотының судьялары ардагерді мерекесімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Мұғалжар аудандық  сотының судьялары Отан қорғаушылар күні мен Ұлы мереке Жеңіс күні мерекелері қарсаңында Ұлы Отан Соғысы ардагерлері  Проскурняк Артем Алексеевичті (1017 жылы туған) құттықтады.

Шара барысында ардагер соғыс уақытындағы ауыртпалықты айта отырып, бейбіт күннің қадірін біліп, қастерлеуге шақырылып, жылы лебізді, шын жүректен шыққан тілектерін айтып, ақ батасын берген. 

Шара соңында сот төрағасы м.а Ж.М.Сейтжапаров   Ұлы Отан Соғысының ардагеріне   біздің бақытымыз үшін қан төккен, жауды жеңіп елді қорғаған аталарымыздың арқасы деп алғысын білдіріп, 101 жастағы А.А. Проскурнякқа  денінің саулығын, әлі де ұзақ өмір сүруін тілеп, Мұғалжар аудандық сотының ұжымының атынан естелікке сыйлық тарту еткен.

Ардагер  Проскурняк Артем Алексеевич  өз тарапынан назар білдірген үшін алғысын айтты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі