«Гендерлік саясат» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің өкілі З.М.Жакыпованың, Ақтөбе қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Э.Ж.Коргулинаның, кәсіби медиатор А.Д.Казиеваның, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты А.К.Жумагалиевтың және Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының «Заңды тұлғалар бірлестігі» өкілі Л.Ж.Забихованың қатысуларымен «Гендерлік саясат» тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізді.

Сот төрағасы Н.Ормаханов өз сөзінде Қазақстандағы гендерлік саясаттың міндеті әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарына теңестірілген дәрежеде қол жеткізуі, экономикалық тәуелсіздікке тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өз бизнесін дамытуға және қызметтік мансабының өсуіне, отбасындағы міндеттерді бірдей жүзеге асыруларына жағдайлар жасау, жыныстық зорлық-зомбылықтан азат болу екендігін  түсіндірді.

Сондай-ақ, отбасы құндылығын сақтау мақсатында, неке бұзудың алдын-алу шаралары ретінде халық арасында үлгілі отбасыларды насихаттау қажет. Осы бағытта оқу орындарында, мекемелерде лекциялар мен семинарлар өткізуді қамтамасыз етуді, жергілікті телеарналардан отбасы құндылығын насихаттауға бағытталған тәрбиелік мәні бар бағдарламалар және басқа да сұрақтар бойынша  сұхбаттар жүргізу керектігін атап өтті. 

Іс-шара соңында, қатысушылар өзара пікір алмасып, Н.Ормаханов неке және отбасы дауларына қатысты қойылған сұрақтарға тиісті жауабын берді

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі