Балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотында Б. қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 383-бабы 3-бөлігімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу) жинақталған әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша 05.06.2017 ж. 20-00 сағатта Б. қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережесiнің талаптарын өрескел бұзып, балық аулау мақсатында, тиісті рұқсатсыз, Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округіне қарасты «Жабағыкөл» көлінде қайық мініп, ұзындығы 50 м. болатын үш дана ауды құрған.

Сөйтіп, Б. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 383-бабы 3-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен Б. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің жоғарыда айтылған бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 45 380 теңге мөлшерде әкiмшiлiк айыппұл салу түрінде әкімшілік жаза қолданылды және құқық бұзушылық құралдары үш дана ауы және қайық тәркiленді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі