Сотта брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингте аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы К.Т.Әбдіхалықов әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралғанын айтты.

Іс бойынша 2017 жылғы 10 маусым сағат 01-30 шамасында, азамат В. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылының тұсында «Карабутак-Костанай» тас жолы 89 шақырымында «Фрейтлайнер Сентури» маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатып, Қостанай қаласы жағынан Қарабұтақ ауылына қарай бағытында  автокөліктегі рульді басқара алмауына байланысты, қарама-қарсы жолдың бетіне шығып кетіп, қарсы келе жатқан «Mercedec Benz Actros» маркалы автокөлігіне, Lanbert маркала прицепіне соғып, жол көлік оқиғасының нәтижесінде соңғының автокөлігінің иесі жәбірленуші С-ге материалдық шығын келтірген.

Сот құқықбұзушыны В. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық     бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) жасаған әкімшілік құқық бұзушылықты, оны көлік құралын басқару құқығынан 9 айға айырғанын судья атап өтті.  

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі