Студенттермен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотының бас маманы А.Сүтемген Комсомол көпсалалы колледжінің 1-курс студенттерімен кездесу өткізді.

Шара барысында студенттерге осы аймақтың сот жүйесі туралы, оның құрылымы мен жұмысы жөнінде, судьялық қоғам органдарының қызметі туралы, судья шеніне біліктілік емтихан  тапсыру талаптары түсіндірілді.

Сондай-ақ,  сот органының айқындығын қамтамасыз ететін, бүгінгі күні негізгі факторлардың бірі енгізілген жаңа ақпараттық  технологиялар жөнінде, халықтың сотпен қарым-қатынас жасауға барлық жақтан процестік мүмкіндіктерін қолданатын Қазақстанда толыққанды сот төрелігі жүйесі құрылғанын, Қазақстан соттарындағы іске қосылған негізгі электронды жүйелерді, жаңадан енгізілген ақпараттық технологиялардың  жағымды жақтарын  атап өтті. 

Іс-шара соңында бас маман А.Сүтемген қатысушыларға алғыс білдіріп, білім алу жолында табыс тіледі.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі