Әйтеке би аудандық соты

Тиісті рұқсатсыз қара металл қалдықтарын қабылдаған үшін жауапқа тартылды

14/05/2018

Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен (тіркеу,рұқсат беру, хабарлама жіберу міндетті болған жағдайдларда, тіркеусіз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру) құқық бұзушы Е.-ге қатысты іс қаралды.

Студенттермен кездесу өтті

11/05/2018

Әйтеке би аудандық сотының бас маманы А.Сүтемген Комсомол көпсалалы колледжінің 1-курс студенттерімен кездесу өткізді.

Шара барысында студенттерге осы аймақтың сот жүйесі туралы, оның құрылымы мен жұмысы жөнінде, судьялық қоғам органдарының қызметі туралы, судья шеніне біліктілік емтихан  тапсыру талаптары түсіндірілді.

Әйтеке би аудандық сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерін Жеңіс мерекесімен құттықтады

05/05/2018

Әйтеке би аудандық сотының ұжымы тарихымыздағы ерекше күн – Жеңіс күні  мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының тыл және еңбек ардагері, Салық Жиенбаев пен оның әйелі көп балалы ана Жиенбаева Інкарды құттықтады.

Сот ұжымы келе жатқан Жеңіс күніне орай ардагерге сыйлықтарын сыйлады.

Тыл және еңбек ардагері сот ұжымына көңіл бөліп келгендеріне шын жүрегімен алғысын білдіріп,  еңбектеріне табыс тіледі.

Әйтеке би аудандық сотында мамандандырылған күзет қызметкерлерімен семинар өткізілді

03/05/2018

Әйтеке би аудандық сотында Мамандандырылған күзет қызметкерлерімен бірлесіп жаңадан қабылданған өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар бойынша  семинар өткізілді.

Семинар барысында қатысушылар еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы, сот ғимаратында белгіленген тәртіп бойынша бақылауды жүзеге асыруға қатысты сұрақтарды талқылады.

Дау медиация тәртібінде реттелді

16/04/2018

Әйтеке би аудандық сотында ортақ мүлікті бөлу және мүліктегі үлестерін айқындау туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қаралып, реттелді.

Іс бойынша анықталғаны, талап қоюшы Т. жауапкер Е.-мен некелері бұзылғандығы, балалары бар екенін, некеден бірлескен ортақ меншігі бар екендігін, ортақ мүлікті бөлу және мүліктегі үлестерін айқындау туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Әйтеке би аудандық филиалында «Электрондық сот төрелігі» тақырыбында кездесу өткізілді

11/04/2018

Әйтеке би аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева, бас маман А.Сүтемген «Электрондық сот төрелігі» тақырыбы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Әйтеке би аудандық  филиалында  кездесу өткізді.

Әйтеке би аудандық сотының төрағасы мектепте дәріс оқыды

09/04/2018

Құқықтық сауаттылықты өткізу шеңберінде  Әйтеке би аудандық сотының төрағасы  А.Әбдіров Комсомол орта мектебінің оқытушылары мен 9-11 сынып оқушыларына дәріс оқыды.

Сот төрағасы А.Әбдіров «Ұлт Жоспарын» іске асыру аясында сот жүйесінің өзгеруіне ерекше мән берді. Ол АПК және ҚПК, Судья әдебі кодексіне, оңайлатылған іс жүргізу, сот қызметіне үміткерлерді іріктеу механизмі мен біліктілік талаптарының күшейтілуін атап өтті.

Әйтеке би аудандық сотында ««Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдіктің негізгі шарттары» тақырыбына семинар сабағы өткізілді

03/04/2018

Семинар сабақтың негізгі мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, сонымен қатар, гендерлік теңдік саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы семинар сабағына қатысушыларға айтып жеткізу.

Шараға сот төрағасы А.А.Әбдіров,  судья Н.К.Самарханова, кәсіби емес медиаторлар К.Баязитұлы, З.Бөлекова, ҮЕҰ-ның  өкілі  К.Ниязов, кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева және сот мамандары қатысты.

Құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

03/04/2018

Әйтеке би аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  608-бабының  6-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер), азамат А.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Әйтеке би аудандық сотында «Cотқа дейінгі реттеуді енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

27/03/2018

Дөңгелек үстел шарасына сот төрағасы А.А.Әбдіров, судья Н.Самарханова,    кәсіби емес медиаторлар К.Баязитұлы, З.Бөлекова ҮЕҰ-ның  өкілдері  К.Ниязов, Д.Ержанов және сот мамандары қатысты.

Беттер