Тиісті рұқсатсыз қара металл қалдықтарын қабылдаған үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен (тіркеу,рұқсат беру, хабарлама жіберу міндетті болған жағдайдларда, тіркеусіз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру) құқық бұзушы Е.-ге қатысты іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша, 2018 жылы 24 сәуірде, аз. Е. түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өндеуі және өткізуі жөніндегі қызмет түрі бойынша рұқсат құжаттары жоқ болуына қарамастан және тиісті хабарлама жібермей жалпы салмағы 200 келі көлемінде қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдап, кәсіпкерлікпен айналысқаны анықталған.

Сот құқық бұзушы Е.-ты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 36 075 теңге әкімшілік айыппұл тағайындады.   

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі