«Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қала тұрғындары үшін «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.  

Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, соттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, халықтың құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында сотта ай сайын «Ашық есік күні» өткізіледі.

Кеңсе бас маманы А.Жиембаева сотқа  келген азаматтарды арыз-шағымдардың үлгілерімен таныстырып, өз арыздарын «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электрондық тәртібімен құжаттарын сотқа тапсыра алатынын түсіндірді.

Іс-шараның келушілері өздерін қызықтырған электронды технологиялармен, сот жұмысының ұйымдастырылуына, сот жүйесіндегі жаңашылдықтарға, облыс соттарының құрылымына байланысты барлық сұрақтарына жауаптарын алды.

Шара соңында қала тұрғындары соттың ұжымына соттың ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ететін, тұрғындарға құжаттарын сотқа тапсыруды жеңілдететін электронды жүйелердің бар екендігін білуге көмектесетін осындай қажетті іс-шараны ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: