қылмыстық сот

«Ашық есік күні» өткізілді

19/06/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қала тұрғындары үшін «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.  

Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, соттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, халықтың құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында сотта ай сайын «Ашық есік күні» өткізіледі.

Кеңсе бас маманы А.Жиембаева сотқа  келген азаматтарды арыз-шағымдардың үлгілерімен таныстырып, өз арыздарын «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электрондық тәртібімен құжаттарын сотқа тапсыра алатынын түсіндірді.

Ақтөбе облыстық филиалының «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық ұйымы өкілдерімен бірлескен қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

14/06/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы А.У.Коханова «Ардагерлер ұйымы» ҚҰ Ақтөбе облыстық филиалының өкілдерімен кездесу өткізді. «Ардагерлер ұйымы» қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» және Ақтөбе облысының Соттар Әкімшісінің «Call-center» тақырыбында түсіндірме өткізді.

Аса ауыр қылмыс

02/06/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  Қазақстан  Республикасы ҚК-нің  99 бабы 2 бөлігінің 1 тармағымен (екі не одан да көп адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) және 291 бабының 1 бөлігімен (атыс қаруын жымқыру) айыпталған азамат Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Студенттермен кездесу

11/05/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақ гуманитарлы заң колледжі «Құқықтану» мамандығының 2 курс орыс бөлімінің студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Төраға м.а. Мулдагалиев А.К. «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

«Парасат-Ғылым» қоғамдық бірлестік қызметкерлерімен кездесу өткізілді

11/05/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе бас маманы А.К.Жиембаева «Парасат-Ғылым» қоғамдық бірлестік қызметкерлері арасында «Алқаби туралы» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында кеңсе бас маманы А.К.Жиембаева «Алқабилер туралы» ҚР Заңына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алқабиге үміткер кім бола алатын туралы, олардың жұмысы және де мамандандырылған қылмыстық сотының жалпы жұмысы туралы атап өтті.

Студенттермен кездесу

13/04/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақ гуманитарлық-заң колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша 2 курс студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Кеңсе меңгеруші Г.Ақмолдина «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

Семинар сабағы өткізілді

12/04/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен мамандардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сот  қызметкерлері еңбек тәртібі мен мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

«Парасат-Ғылым» қоғамдық бірлестік қызметкерлерімен кездесу өткізілді

07/04/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Г.Б.Казбагамбетовамен «Парасат-Ғылым» қоғамдық бірлестік қызметкерлері арасында «100 нақты қадам» және «Call-center», «Сот кабинеті»  тақырыбында кездесу өткізілді.

Сот төрағасы азаматтарды қабылдады

09/03/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес сот төрағасы жұмыстағы уақыт тәртібі бойынша, күн сайын азаматтарды қабылдайды.

Азаматтарды қабылдау сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізіледі.

№26 мектептің оқушыларымен кездесу

09/03/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында №26 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Судья А.Мулдагалиев «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында судья оқушыларға дыбыс-бейне жазу құрылғылары орнатылған сот залдарын көрсетті.

Беттер