№26 мектептің оқушыларымен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында №26 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Судья А.Мулдагалиев «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында судья оқушыларға дыбыс-бейне жазу құрылғылары орнатылған сот залдарын көрсетті.

Сот табалдырығын алғаш аттаған оқушылар аталған соттың қандай істерді қарайтыны, істердің қаралу ерекшіліктері және судьяның жұмысында қандай қиындықтар кездесетіні қызықтырды.

Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар алған мәліметтері мен қызықты саяхат үшін алғыс сөздерін білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі