Архив событий

15/03/2017

Белгіленген ерекше талаптарды орындамағаны үшін жазаға тартылды

15/03/2017

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) азамат С.-ке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қолданылды

15/03/2017

Алға аудандық сотында аз. С.-ке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен қылмыстық  іс қаралды.

Аз.С. 02 наурыз 2017 жылы шамамен сағат 19-00-де Алға ауданы, Бестамақ ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, №50-үйдің жанында Алға аудандық сотының 18.11.2015 жылғы үкімімен 3 жылға көлік жүргізу құқынан айырылғанына қарамастан  арақ ішкен мас күйінде  көлік жүргізген. Сөйтіп аз.С. қылмыстық теріс қылық жасаған.

Сот отырысында аз.С. кінәсін толық мойындады.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

15/03/2017

Мұғалжар аудандық сотының судьясы Н.Е.Кендирбаева жергілікті «Мұғалжар» газетінің тілшісі  Д.Ерболаттың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Н.Е.Кендирбаева  ҚР ҚК-нің 189-бабының 4 - бөлігінің 2 - тармағымен, 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен М –ға қатысты  және 189-бабының  4-бөлігінің  2-тармағымен  аз. Р-ға қатысты  қылмыстық іс туралы түсініктеме берді.

Кәсіпқой емес медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

15/03/2017

Қарғалы аудандық сотында «Дауды сотқа дейін жеткізбеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қарғалы аудандық сотының төрағасы Н.О.Аманкулова, кәсіпқой емес медиаторлар және сот қызметкерлері  қатысты.

Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

15/03/2017

Сот төрағасы А.Балмұханов   Хромтау аудандық сотында  «Ашық есік күні» өткізді. Бұл шараға  шаруа қожалығының қасында орналасқан иесіз, мал қораны өзінің меншігіне аудару  жөнінде  1938 жылы туылған Ж.Е.пен 1976 жылы туылған  Т.Е. азаматтарды   сот төрағасы А.Балмұханов  қабылдады.

Сот төрағасы А.Балмұханов  «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізілетін атап өтті.

Ішкі істер органдарының заңды талабын орындамаған

15/03/2017

Қарғалы аудандық сотында Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  613-бабының 1-бөлігімен (ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау) әкімшілік   іс қаралды.

Жерді мемлекеттік мұқтаж үшін алуға байланысты даулар

15/03/2017

Ойыл аудандық сотында  «Мемлекеттік мұқтаж үшін жерді алып қоюына байланысты даулар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел кеңесіне Ойыл аудандық жер бөлімінің бастығы Ж.Ержанов, Ойыл аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы А.Кенжебаев, Ойыл селолық округ әкімінің орынбасары Т.Сенғалиев, Ойыл аудандық прокурорының көмекшісі А.Өмірсеріковтың қатысуымен өтті.

Әйтеке би аудандық сотында брифинг өтті

15/03/2017

Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың судьясы М.С.Мұхамбетқалиев әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік іс қаралғанын айтты.

Тараптар бітімгершілік келісімін жасады

15/03/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «В» ЖШС «С» ЖШС-нен 1 307 550  теңге мөлшерінде қарыз өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Сотпен, 2016 жылдың 11 қазанында «В» ЖШС (Сатып алушы) мен  «С» ЖШС-нің (Өнім беруші)  арасында құрылыс өнімдерін жеткізу туралы  №01/10 келісімшарты жасалғаны анықталды.

2016 жылдың 17 қазанында Сатып алушымен Өнім берушінің есеп-шотына 8 107 500 теңге аударылды,  бұл №201 және №210 төлем тапсырмалары арқылы расталады.

Судья жеке қаулы шығарды

15/03/2017

Мұғалжар аудандық сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық)   аз. Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Оңалту және банкрот деп тану туралы

15/03/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Ж.Назарова «Рика-ТВ» каналының «Из первых рук» бағдарламасында   «Борышкерді төлемге қабілетсіздігіне байланысты банкрот деп тану және оңалту рәсімін қолданғанға дейін реттеу туралы» ақпарат берді.

Өз ақпаратында судья, банкроттық рәсімін жүргізудің кез келген сатысында борышкер мен кредиторлар бітімгершілік келісімді жасасуға құқылы екенін атап өтті.

Жекеше айыптау істерін қарау ерекшеліктері

15/03/2017

Қарғалы аудандық сотында «Жекеше айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Қарғалы ауданының прокуратура, ішкі істер бөлімінің басшылары және өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде барысында жекеше айыптау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Аудандық соттың төрағасы Н.Аманкулова өз баяндамасында жекеше айыптау істері бойынша статистикалық мәліметтерді келтіріп, сотқа жекеше айыптау тәртібіндегі шағымдарды қабылдауды түсіндірді.

Қаруды заңсыз сақтаған

15/03/2017

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) Ө-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылы туралы іс қаралды.