Архив событий

01/03/2017

Азаматтарды қабылдау

01/03/2017

Қарғалы аудандық сотында азаматтарды қабылдау жүргізілді. Азаматтардың қабылдауын Қарғалы аудандық сотының төрағасы Аманкулова Н.О. жүргізді.

Сот төрағасы қабылдауына келген Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылының тұрғыны Ресей Федерациясында тұратын әкесінің туу туралы куәлігінде, туу туралы акт жазбасында  жіберілген қатесін сенімхат арқылы түзету тәртібін түсіндіру жайын сұрады.

Дөңгелек үстел өтті

01/03/2017

Қарғалы аудандық сотында кеңсе меңгерушісі, адвокаттар мен ішкі істер басқармасның өкілдерінің және кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы Аманкулова Н.О. өз баяндамасында 2011 жылдың 28 қаңтарында Елбасымен қол қойылып, 2011 жылдың 05 тамызында қолданысқа енгізілген  «Медиация туралы» заңын атап өтті.  

Заңның қолданысқа енгізілген сәтінен бастап 5 жылдан астам уақыт өтті.

Сот бұзақыны әкімшілік қамауға алды

01/03/2017

Байғанин аудандық сотында ұсақ бұзақылық дерегі бойынша Ж.С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, Ж.С. алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде 15.02.2017 ж. сағат 15.40-тар шамасында азамат Е.К.-ға былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіріп, яғни қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Талап арыз ішінара қанағаттандырылды

01/03/2017

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотында талапкер А.-ның  жауапкерлер К. және Б.-ға қатысты материалдық шығынды өтеу, моральдық зардаптың орнын толтыру туралы азаматтық іс қаралды.

Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

01/03/2017

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) М.Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат М.Ш. 13.02.2017 ж. жергілікті уақытпен сағат 19.30-дар шамасында өзімен бірге тұратын анасы Т.-ға  қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып отбасы - тұрмыстық қарым қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.