Архив событий

13/03/2017

Сот актісін орындамағаны үшін жазаға тартылды

13/03/2017

Темір аудандық соты У.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамауы) бойынша әкімшілік іс қарады.

Брифинг өтті

13/03/2017

Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың судьясы М.С.Мұхамбетқалиев әкімшілік құқық бұзушылық туралы  айтты.

Қаруды заңсыз сақтаған

13/03/2017

Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) И.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік жауапқа тартылды

13/03/2017

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 517-бабының 2-бөлімімен шетел азаматтары  А.,Д.,Ш.,М.,А.-ге қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сотты құрметтемеушілік

13/03/2017

Темір аудандық сотында азамат С. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігі (сотты құрметтемеушілік) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Ойыл аудандық соты неке бұзу туралы азаматтық ісін қарады

13/03/2017

Талап қоюшы Қ. cотқа берген талап арызында, жауапкер Ж.-мен  06.08.2011   жылдан бері заңды некеде тұрып жатқанын, ортақ некеден үш баласының барын, үшеуіде кәмелеттік жасқа толмағанын, жауапкердің өзін сыйламайтынын, спирттік ішімдік ішетінін, баланың тәрбиесімен айналыспайтынын, болмашы нәрсені сылтау етіп қол көтеретінін, бұдан әрі отбасын сақтау мүмкін еместігін айтып арызданған.