Архив событий

10/03/2017

Шалқар аудандық сотында брифинг және баспасөз-маслихаты өткізілді

10/03/2017

Шалқар аудандық сотында жергілікті «Шалқар»  газетінің тілшісі С.Ұлықпановтың  қатысуымен  брифинг пен баспасөз-маслихаты  өткізілді.

Брифингте сот төрағасы О.Бақтыгереев сот саласында болып жатқан жаңалықтарға тоқталды.

Сонымен қатар судья С.Дәріқұлова және  бас мамандар    А.Болысбай мен Г.Есжанова қаралған қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша қысқаша мәліметтер берді.

Дау сот медиациясымен реттелді

10/03/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы И. жауапкерлер «Г.» ЖШС, «А.» ЖШС-не әрекеттер жасауды міндеттеу және 600 000 теңге көлемінде моралдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық істің құжаттарына сәйкес, талап қоюшы 2015 жылдың 04 маусымында ЖШС-нен «Gelcy-CR» маркалы автокөлік сатып алған, кейін көліктен ақаулар табылып, аталмыш ақаулар жауапкерлермен жойылмаған.

Тараптар медиативтік келісімге келді

10/03/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы К. жауапкер О.-дан бережақ соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өз талаптарын жауапкер 2016 жылғы қолхатқа сәйкес, залалды өтеу бойынша автокөлікті жөндеуді өзіне міндеттеме алған, алайда жауапкер өз міндеттемесін орындамағанын негіздеген. Сотта талап қоюшы жауапкерден 800 000 теңгені өндіруді сұраған.

Аталған іс бойынша тараптар азаматтық істі қараушы судьяның қатысуымен медиативтік келісімге келіп, соттың ұйғарымымен бекітілді.

Ақтөбе қалалық соты есепшіге еңбекақы бойынша берешекті өндірді

10/03/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы К. жауапкер «Ш.» ЖШС-не еңбекақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта, талап қоюшы К. еңбек шартына сәйкес 2015 жылдың наурыз айынан бастап есепші болып жұмыс атқарғаны, алайда 2016 жылдың 16 тамыз - 31желтоқсан аралығында жауапкер тарапынан жалақысы төленбегені анықталды. Осыған байланысты талап қоюшы жауапкерден еңбекақы бойынша бережағы 1898891 теңгені өндіруді сұраған.

Жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру

10/03/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  судьясы М.К.Шарипова    «Қазақстан-Ақтөбе» теле-радио компаниясының  «Адам және Заң» бағдарламасында Мемлекет басшысының республика судьяларының VII-съезінде берген тапсырмасын орындау мақсатында Жоғарғы Сот ағымдағы жылдың ақпан айында медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейтудің кезекті қадамы болып табылатын жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру бойынша  ақпарат берді.

Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы іске асырылуда

10/03/2017

Ойыл аудандық сотының төрайымы С.З.Танимова «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы» тақырыбында дөңгелек үстел кеңесін өткізді.

Қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық іс бойынша дау медиация тәртібімен реттелді

10/03/2017

Қобда аудандық сотымен талапкер Б.-ның жауапкер Т.-ға қарыз ақшаны туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Өзінің  арызында талапкер Б.  жауапкер Т. 2016 жылы оның дүкенінен 18500 теңгеге азық түлік алып, осы күніге дейін қарызды қайтармаған, сондықтан талап арызбен сотқа жүгінді.

Әкімшілік іс қысқартылды

10/03/2017

Қарғалы аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша, яғни ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіретін іс-әрекеттерді жасаған үшін аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша құқық бұзушы Е. өз үйінде өзінің туған әкесіне былапыт сөйлеген.

Әйтеке би аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

10/03/2017

Әйтеке би аудандық сотында 2017 жылдың 2 айында сотпен атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараны сот төрағасы А.Әбдіров, «Жаңалық жаршысы» газетінің бас редакторы Г.Н.Стручковтың қатысуымен өткізді.

Балаларға қатысты ата-ана дауы сот медиация тәртібімен шешілді

10/03/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер У.-ға кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Алдын-ала сот отырысында тараптар сот медация тәртібін өткізуді өтініш етті.

Іс өндірістен тоқтатылмай, тараптардың өтініші бойынша төрағалық етушімен,  сот медиация тәртібі өткізілді.

Тараптардың медиация тәртібімен реттелген келісі мшарты бойынша:

Сот жол қозғалыс қатысушысының құқықтарын қорғады

10/03/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы С. жауапкер «Ж.» ММ-не ашық тұрған жаңбыр арнаның торына соқтығысу нәтіжесінде материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, 2016 жылы наурыз айында сағат 17-00  шамасында Ақтөбе қаласында, теміржол вокзалы маңайында, «А.» супермаркетіне қарсы автокөлік тұрағында, ашық тұрған жаңбыр арнаның торына соқтығысу нәтижесінде талап қоюшының  автокөлігінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алған. Жол көлік оқиғасы салдарынан көлікке  95 759 теңгеге  механикалық зақым келтірілген.

Кінәні мойындау туралы процессуалдық келісімін бекіту арқылы үкім шығарылды

10/03/2017

Ақтөбе облысы Алға аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кожексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша  сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А. аса ірі мөлшердегі есірткіні, өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдағаны үшін, ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен қылмыс жасағаны үшін айыпталған.

Мас жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

10/03/2017

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы А.А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Ойын-сауық мекемесінде кәмелетке толмағанның заңды өкілісіз жүруі

10/03/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132- бабының 1-бөлігімен  азамат Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру

10/03/2017

Мұғалжар аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге аудандық  судьялар, кәсіби және кәсіби емес  медиаторлар қатысты.

Жол ережесін бұзды

10/03/2017

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы С.К.-ға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қодексінің 610-бабының 3-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Дөңгелек үстел өткізілді

10/03/2017

Шалқар аудандық сотында аудандық сотының төрағасы О.Бақтыгеревтың, судья С.Дәріқұлованың, Шалқар аудандық жер бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ж.Өтегеннің, Шалқар аудандық әділет басқармасының жетекші маманы Л.Басығараеваның  қатысуымен «Жер дауларын сотта қарау» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы О.Бақтыгереев өз баяндамасында мұндай даулар бойынша бірінші кезекте жерге меншік құқығын белгілейтін құжаттар, жер сызбалары, карталары назарға алынатындығын   атап көрсетті.

Отбасы сақталып қалды

10/03/2017

Талап қоюшы Г. З.өзінің уәждерін келтіріп, жауапкер Т.А .-мен араларындағы некені бұзу туралы сотқа арыз берген. 

Сот талқылауын дайындау барысында тараптар істі қарап жатқан судьяның медиация өткізуіне өтініш жасап, нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеді.

Іс оңайтылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

10/03/2017

Қарғалы аудандық соты талапкер «С» ЖШС-нің банк займы бойынша берешек соманы  өндіру туралы  азаматтық істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен  қарады.

Талап арызға сай  банк займы бойынша   жауапкерге қамтамасыз ету, жеделді, төлемді және қайтару шарты бойынша банк займы берілген, бірақ жауапкер мерзімді уақытында төлемді өтемей, шарт бойынша  міндеттемелерін орындамаған. Жауапкерден берешек сома өндіруді және төленген мемлекеттік бажды қайтаруды сұраған.

Алға аудандық сотында үкіметтік емес ұйым өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

10/03/2017

Алға аудандық сотында сот төрағасының, судьялардың, кеңсе мамандарының, күзет қызметкерлерінің және үкіметтік емес ұйым Мемориал «Есет –Батыр» комплексінің директоры Алға ауданының бас имамы  А.А.Абдрасуловтың қатысуларымен «Діни экстремизм, терроризм және онымен күрес» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесудің мақсаты діни экстремизммен, терроризммен күрес және оның алдын алу жолдарын түсіндіру болды.

Сот салық бойынша сот бұйрығын шығарды

10/03/2017

Қарғалы аудандық соты «Қарғалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің борышкерден көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы арызы бойынша  азаматтық істі қарады.

Мемлекеттік кірістер басқармасы борышкерге салық заңнамасын бұзуды жою туралы хабарламаны уақытылы тапсырған, алайда берешек төленбеген.

«Ашық есік күні» өткізілді

10/03/2017

Қобда  аудандық сотында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында кезекті іс шара «Ашық есік күні» өткізілді.

Ашық есік күнінің өткізілу мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеттің және халықтың сот жүйесіне деген сенімін жоғарылату, сондай-ақ сот әділдігінің қол жетімділігі болып табылады.

Қобда  аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаевтың  қабылдауына аудан тұрғындары  неке және отбасылық заңнамасы және еңбек өтілін анықтау бойынша сұрақтарымен  жүгінді.