Архив событий

27/03/2017

«Ашық есік күні»

27/03/2017

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында құқық қорғау органдарының жұмысының сапасын арттыру, төрешілдікті азайту, соттың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелерін үнемі назарынан тыс қалдырмай келеді.

Халық пен соттың арасын жақындату, сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және соттың жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында  Қобда  аудандық сотында «Ашық есік күндері», төрағаның азаматтарды жеке қабылдауы тұрақты түрде болып тұрады.

Заңнамадағы жаңашылдықтар мен түзетулер талқыланды

27/03/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілген өзгертулер мен түзетулерді талқылау мақсатында семинар сабағы өткізілді.

Семинарға Ақтөбе облыстық сотының судьялары Ж.М.Мамбетова, Ж.К.Алишева, экономикалық сотының төрағасы Е.К.Қанапиев және экономикалық сотының судьялары қатысты.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң талқыланды

27/03/2017

2017 жылдың 27 наурызында  Мәртөк аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Оңалту және банкрот деп тану туралы

27/03/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Ж.Назарова «Қазақстан-Ақтөбе» каналының «Адам және заң» бағдарламасында   «Борышкерді төлемге қабілетсіздігіне байланысты банкрот деп тану және оңалту рәсімін қолданғанға дейін реттеу туралы» ақпарат берді.

Өз ақпаратында судья, банкроттық рәсімін жүргізудің кез келген сатысында борышкер мен кредиторлар бітімгершілік келісімді жасасуға құқылы екенін атап өтті.

Баспасөз мәслихаты өтті

27/03/2017

Қобда  аудандық сотымен  2017  жылдың  2   айында    атқарылған жұмысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға сот төрағасы  АТ.Анарбаев   және  жергілікті БАҚ өкілі  А.Егизбай    қатысты.

2017  жылы  2  айында    аудандық   сотымен  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған

Қобда аудандық сотымен  2017   жылдың  2  айында      барлығы   7  адамға қатысты  7  қылмыстық іс,   54   азаматтық іс және  83   әкімшілік іс қаралған.

Сот Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 45-тарауға сәйкес шағымды қарады

27/03/2017

Мәртөк аудандық соты аудан тұрғынының «Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы 9-наурыздағы әкімшілік жаза салу туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406-бабы 1-бөлігінің 1-тармағымен Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу бойынша шығарылған әкімшілік жаза қолдану және 45 380 теңге әкімшілік айыппұл салу туралы қаулысына берген шағымын қарады.