Архив событий

06/03/2017

Кәмелетке толмағанға ішімдік сусынын ішуді ұсынған

06/03/2017

Хромтау аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 128 бабымен құқықбұзушы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдары бойынша, құқықбұзушы К кәмелетке толмағанын біле тұра Б-ға ішімдік сусынын ішуді ұсынған, Б келісіп, орталық саябақта, бірге ішімдік сусынын ішкен, яғни кәмелетке толмаған Б-ны әкімшілік құқық бұзушылық жасауға, яғни қоғамдық орында арақ ішуге тартқан.

Сот отырысында құқықбұзушы К толығымен кінәсін мойындап жасаған әрекетіне өкініш білдірді.

«Иматон» психотерапия орталығы қызметкерлерімен кездесу өткізілді

06/03/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы А.К.Жиембаева «Иматон» психотерапия орталығы қызметкерлерімен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» және «100 нақты қадам» тақырыбында кездесу өткізді.

Неке сақталып қалды.

06/03/2017

Қарғалы аудандық соты неке бұзу туралы азаматтық ісін қарады.

Талап қоюшы К. сотқа берген талап арызында, жауапкер К.-мен  02.10.1992   жылдан бері заңды некеде тұрып жатқанын, ортақ некеден үш баласының барын, оның біреуі кәмелеттік жасқа толмағанын, жауапкердің өзін сыйламайтынын, спирттік ішімдік ішетінін, баланың тәрбиесімен айналыспайтынын, бұдан әрі отбасын сақтау мүмкін еместігін айтып арызданған.

Жеңіл дәрежедегі зиян келтірген үшін сотталды

06/03/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106 бабының 1 бөлімімен  (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) Ж.-қа қатысты қылмыстық ісі бойынша мәлімет берілді.        

Жер учаскелерінінң мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы кейбір мәселелелері туралы заңдарды соттармен қолдану

06/03/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге «Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі  басқармасы» ММ өкілі Н.Ж.Аманкулов, «Ақтөбе облысы бойынша жер қатынастары басқармасы» ММ-нің өкілі А.А.Шүкіров, «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің өкілі С.Ж.Байназаров,  «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің өкілі А.С.Ниязова, сот төрағасы Е.К.Қанапиев және  судьялар қатысты.

Сот мамандары арасында пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында семинар сабағы өткізілді

06/03/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе меңгерушісі М.Минтаевтың бастамасымен  мамандардың арасында «Даулардың жекеленген  санаттары бойынша дауларды  (жанжалдарды) медиация тәртібімен  сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны  іске асыру» мақсатында жекелеген санаттағы істер бойынша тараптарға жолданатын хабарламаның мазмұнымен таныстыру, түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Тараптар медиациялық келісімін жасады

06/03/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «А» ЖШС «Д» ЖШС-нен 260 750 (екі жүз алпыс мың жеті жүз елу) теңге өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Сотпен 2015 жылдың қаңтар айынан бастап «А» ЖШС «Д» ЖШС-не автокөлікке арналған құрылғыларын   әкеліп   отырғаны анықталды. Тауар жауапкерге шот-фактуралар арқылы әкелініп, одан соң олар ақшаны талап қоюшының банктегі есепшотына аударып отырған.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен дәріс сабағы өткізілді

06/03/2017

Ақтөбе қалалық №8 орта мектебінде 9,10,11 сынып оқушылар және мұғалімдер арасында Ақтөбе облысының Ювеналдық сотының төрағасы Н.Ормахановпен «Қылмыстық-құқықтық қатынастар аясына тап болған кәмелетке толмағандарға қатысты заңнамалар» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Қобда аудандық сотында пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша жұртшылықпен кездесу өтті

06/03/2017

Қобда  аудандық сотында медиация институтын дамыту және жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізу аясында «дөңгелек үстел» өткізілді.  

Іс-шараға аудандық прокуратура және жергілікті полиция қызметінің өкілдері, мемлекеттік сот орындаушылары,  адвокаттар, ҚР ҰҚП «Атамекен»  кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кәсіби емес медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.

«Пробация туралы Заңының кейбір нормаларын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел

06/03/2017

Темір аудандық сотында «Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №38-VI Пробация туралы» Заңы тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстелге Темір аудандық сотының төрағасы Н.А.Бактыгалиев, судья А.И.Акмолдина, Темір ауданы прокуратурасының аға прокуроры М.Толыбеков, Темір аудандық пробация қызметінің өкілдері Р.М.Жумабаев, Х.Б.Отарбаев, Н.С.Екибаева және сот мамандары қатысты.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды

06/03/2017

Темір аудандық сотымен талап қоюшы С. жауапкер А. 150 000 теңге қарыз өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы С. сотқа келтірген талап қою арызында, жауапкер А.  қолхат негізінде 150 000 теңге алғанын, бірақ осы күнге дейін өзінің міндеттерін орындамағанын көрсетіп, жауапкерден 150 000 теңге өндіруді сұраған.

Гражданское дело разрешено соглашением об урегулировании спора в порядке медиацииАзаматтық іс дауды медиация тәртібімен реттеу арқылы шешілді

06/03/2017
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «А» ЖШС «К» ШҚ-нан  1 753 988 (бір миллион жеті жүз елу үш мың тоғыз жүз сексен сегіз) теңге мөлшерінде қарыз сомасын өндіру туралы талап арызымен жүгінді.
Сотпен, (Лизинг беруші) «А» ЖШС-мен (Лизинг алушы) «К» ШҚ-ның арасында  16.04.2013 ж. №54 лизинг шарты (шарт заты болып 5511016-02-КамАзы,  НЕФАЗ-8560 тіркемесімен) жасалғаны анықталды.