Архив событий

09/03/2017

Сот төрағасы азаматтарды қабылдады

09/03/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес сот төрағасы жұмыстағы уақыт тәртібі бойынша, күн сайын азаматтарды қабылдайды.

Азаматтарды қабылдау сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізіледі.

№26 мектептің оқушыларымен кездесу

09/03/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында №26 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Судья А.Мулдагалиев «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында судья оқушыларға дыбыс-бейне жазу құрылғылары орнатылған сот залдарын көрсетті.

Қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды

09/03/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «А» ЖШС  «Е» жеке кәсіпкерінен 1 193 700   теңге мөлшерде қарыз сомасын  өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Сотпен, 2016 жылдың 03 сәуірінде  төлемнің мерзімін жеті күнге  ұзарта отырып, тауарды  жеткізу туралы консигнация шарты  жасалғаны анықталды.

«А» ЖШС  өзіне алған міндеттерді толығымен мойындады, ал жеке кәсіпкер «Е» алған тауары үшін төлемді төлеу міндеттерін орындаған жоқ.

«Медиация заңын насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

09/03/2017

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотында «Медиация заңын насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына судья Жеткерген Е.А., аудандық прокуратурасының прокуроры, ҮЕҰ және аудандық кәсіби медиаторлары қатысты.

Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

09/03/2017

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) А.К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат А.К. 20.02.2017 ж. жергілікті уақытпен сағат 21.30-дар шамасында өзімен бірге тұратын апасы О.-ға  қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Ашық есік күні өткізілді

09/03/2017

Қарғалы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды қабылдауды сот төрағасы Н.О.Аманкулова жүргізді.

Аталған шара халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне азаматтардың сенімін жоғарлату мақсатында өткізілді.

Аталған іс-шараға Бадамша ауылының тұрғыны В.И. қатысты. Ауыл тұрғыны В.И.-ға тұрғын жай даулары, мүліктің егесінің құқықтарын қорғау, жылжымайтын мүлікке қатысты туындаған дауларды шешу бойынша сұрақтарын қойды.