Архив событий

14/03/2017

2017 жылдың 2 айында атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша баспасөз мәслихаты

14/03/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Балымбетовтың қатысуымен сот саласындағы жаңалықтар бойынша және аудандық соттың ағымдағы жылдың 2 айында атқарылған жұмыс нәтижесі туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Сот төрағасының м.а. Ж.Кунаева өз баяндамасында, есептік кезеңнің сотпен қаралған істер бойынша статистикалық көрсеткіштерге тоқталып өтті:

Қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды

14/03/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «В» ЖШС  «А» ЖШС-нен  5 904 030 (бес миллион тоғыз жүз төрт мың отыз) тенге мөлшерінде қарызды және   1 408 844 (бір миллион төрт жүз сегіз мың сегіз жүз қырық төрт) тенге мөлшерінде тұрақсыздықты өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Сот әкімшілік қадағалау орнатты

14/03/2017

Мәртөк аудандық соты әкімшілік қадағалау орнату туралы Мәртөк аудандық соты үкімімен Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 178-бабының

Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

14/03/2017

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат  У. 28.02.2017 ж. жергілікті уақытпен сағат 18-00-дер шамасында өзімен бірге тұратын анасы А.-ға  қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған үшін айыппұл төледі

14/03/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кодексінің    127-бабының 1 бөлімімен  (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы)  азамат Т.-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы» тақырыбында семинар

14/03/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы» тақырыбында сот қызметкерлері мен ҚР ІІМ-нің Мұғалжар аудандық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (МКҚБ) мекемесі қызметкерлерінің арасында семинар өткізілді.

Семинар барысында судья Ж.Кунаева аталған заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталғандығын атап өтті.

Ашық есік күні

14/03/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділік мақсатында «Ашық есік» күні ай сайын және азаматтарды қабылдау күні апта сайын дүйсенбі күні сағат 09.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Төраға м.а. Ж.Кунаева өткізілген «Ашық есік» күнінде 2 жеке тұлға Ембі мен Жем қаласының тұрғындары азамат К.Нуралин соттылығын жою бойынша және А.Конарбаев кассациялық тәртібінде шағым беру жөнінде сұрақтарымен келді.

Тараптар бітімгершілік келісімін жасады

14/03/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «А» ЖШС- «Д» жеке кәсіпкерінен 381 158  (үш жүз сексен бір мың жүз елу сегіз) теңге  мөлшерінде қарызды және  52 852 (елу екі мың сегіз жүз елу екі) теңге мөлшерінде өсімақы өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Қызметшінің еңбектің уақытылы төлеу конституциялық құқығы қалпына келтірілді

14/03/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы Ч. жауапкер «А.» ЖШС-не еңбекақы бойынша бережақ, пеня, моралдық залал және пайдаланбаған еңбек демалыстың өтемақысын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

«Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» атты тақырыпта брифинг

14/03/2017

Мұғалжар аудандық сотында «Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» атты тақырыпта брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың судьясы Сейтжапаров Ж.М. және  «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі Д.Ерболатқа  сұқбат берді.

Билік өкiлiн қорлау

14/03/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында Т. қатысты  Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің 378-бабының  2-бөлігімен, 379-бабының 1 бөлігімен  (билік өкiлiн қорлау, билік өкіліне бағынбау)  қылмыстық іс қаралды.       

Қоғамдық орында масаң күйде жүрген

14/03/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 бабының  4 бөлімімен (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) азамат К-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.