Архив событий

03/03/2017

Заңсыз аңшылық үшін айыппұл жазасы тағайындалды

03/03/2017

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 337-бабы 4-бөлігі 1), 4) тармақтарымен (Жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолданып, сол сияқты авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе төтенше экологиялық ахуал аумақтарында заңсыз аң аулау жасап,  ірі залал келтірген) айыпталған  С.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды

03/03/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында К.-ге қатысты  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 24-бабының  3-бөлігі, 191- бабының 2-бөлігі «1» тармағымен (жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына  қауiптi емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру, тонау) қылмыстық іс қаралды.       

Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

03/03/2017

Мұғалжар  аудандық сотына  талап қоюшы Ш.-ы жауапкер А.-дан  бережақ  өндіру туралы  талап қою арызымен жүгінген.

19.02.2016 жылы жауапкер талап қоюшыдан 113 000 теңге көлемінде қарызға зат алып, ол берешек соммасын 2 ай ішінде қайтаруға міндеттенген. Алайда, жауапкер қарыз соммасының жарты бөлігін төлеп, қалған 20 000 теңгені  төлемеген.

Дау сот медиация тәртібімен шешілді

03/03/2017
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы С.-ның жауапкер А.-ға кәмелетке толмаған баламен араласу тәртібін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Алдын-ала сот отырысында тараптар сот медация тәртібін өткізуді өтініш етті.
Іс өндірістен тоқтатылмай, тараптардың өтініші бойынша төрағалық етушімен,  сот медиация тәртібі өткізілді.
Тараптардың медиация тәртібімен реттелген келісім шарты бойынша:

Сот әкімшілік іс бойынша жеке қаулы шығарды

03/03/2017

Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 4-бөлігімен азамат Т. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Т. 2017 жылдың ақпан айында қоғамдық орында адамның қадыр-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде жүрген, оған 3 тәулік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.

Қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

03/03/2017

Қарғалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440 бабының 4 бөліміне сәйкес (жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) азаматша. М.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қаралды.

Проведен брифинг на тему «Применение информационного сервиса «Судебный кабинет»

03/03/2017

В Мугалжарском районном суде проведен брифинг на тему «Применение информационного сервиса «Судебный кабинет».

Участие в нем приняли представитель общественно-политической газеты «Мұғалжар» А.Ескара и главный специалист канцелярии Айтжанова  Ж.

Талап ішінара қанағаттандырылды

03/03/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы А. жауапкер «Ш.» ЖШС-нен жалақыны өндіру, моральдық зиянды өтеу  туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы жауапкер «Ш.» ЖШС-нен 430 082 теңге сомасында жалақыны өндіру, 300 000 теңге сомасында моральдық зиянды өтеу  туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

03/03/2017

Қарғалы аудандық соты Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 188 бабының 2 бөлігі 3 тармағы, яғни, (ұрлық) фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Айыпталушы азамат мас күйінде көшемен келе жатып, бөтен үй есігінің ашық жатқанын көреді. Іс-әрекетін ешкім бақылап тұрмағанына көзі жеткен соң, ішке кіріп, төр бөлмеде жатқан «Samsung Duos» маркалы ұялы телефонын жымқырған. Қылмыстық іс-әрекеттің салдарынан жәбірленушіге 35 000 теңге мөлшерінде елеулі материалдық шығын келтірілді.

Бітімгершілік келісім бекітілді

03/03/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы   К. жауапкер  «К.» ЖШС-не материалдық залал өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

12 тамыз 2016 жылы талап қоюшы   К. жауапкер «К.» ЖШС-нің қызметкері бола тұра, К. автокөлігімен соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған, сөйтіп оған 751 883 тенге мөлшерінде материалдық залал келтірген.

Жұмыскердің еңбек ақыны өндіру құқығы қалпына келтірілді

03/03/2017

Ақтөбе сотының өндірісіне талап қоюшы У. жауапкер «Ш» ЖШС-нен еңбек ақыны өндіру туралы туралы талабы қаралды.

Сот талап қоюшы У. 2015 жылғы 12 қазанынан бастап 2016 жылғы 15 желтоқсан айына дейін «Ш.» ЖШС-де жұмыс жасағаны, бірақ еңбек ақы 381 392 теңге көлімінде төленбегені анықталған.

Ақтөбе қалалық сотының шешімімен талап қоюшы У.-дың талабы қанағаттандырылды.

Талап қоюшы У.-дың пайдасына  «Ш.» ЖШС-нен еңбек ақы 381 392 теңге көлімінде өндірілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау және оның алдын алу» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

03/03/2017

Мұғалжар  аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау және оның алдын алу» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. 

Шараға аудандық сотының судьялары  Ж.М.Сейтжапаров, А.Е.Мусина, Н.Е.Кендирбаева, аудандық прокуратураның, күзет қызметінің, ішкі істер бөлімінің  өкілдері  және сот мамандары қатысты.

Медиация істе

03/03/2017

2017 жылы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесі бекітілді. Осындай даулардың бірі-некені бұзу туралы талаптар.

Мәртөк аудандық сотында медиация тәртібімен некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы мен жауапкер 1998 жылы некеге тұрды, бір баласы бар.

Ашық есік күні

03/03/2017

Қобда  аудандық сотында  «Қобда» газетінің тілшісі А.Егізбайдың қатысуымен  ауыл тұрғындары үшін «Ашық есік күні» өтті. Шара өткізу барысында қатысушылар сотта іске асырылған,  даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны  енгізуге қызығушылықтарын білдірді. Оны іске асыру мақсаты азаматтық сот өндірісіне дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу.

«Медиацияны қолданудағы құқықтық мәні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

03/03/2017

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотында «Медиацияны қолданудағы құқықтық мәні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына судья Аликулов С.Ж., аудандық прокуратурасының прокуроры, НПО кәсіби аудан медиаторлары қатысты.

Дау медиативтік келісіммен реттелді

03/03/2017

Алға аудандық сотымен талапкер Б.-ның жауапкер Ж.-ға ар-намысын, абыройын қорғау және келтірілген моралдық зиянды өндіру туралы  азаматтық іс қаралды.

Талапкер Б. сотқа берген талап арызында жауапкер Ж Алға аудандық әкімінің есеп жиналысында оны өзінің малын ұрлап, қылмыс жасаған деп айып таққан, сол себепті талапкер ар-намысын, абыройын қорғау және келтірілген моралдық зиян 2 000 000 теңге көлемінде өндіру туралы сотқа талап арызбен жүгінген.                                                           

3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

03/03/2017

Қарғалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 1 бөліміне сәйкес ( жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) азаматша. М.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қаралды.

«Кәмелетке толмағандардың арасында туындайтын дауларды медиация тәртібімен шешу» тақырыбына дөңгелек үстел

03/03/2017

Ақтөбе қалалық №8 орта мектебінде «Кәмелетке толмағандардың арасында туындайтын дауларды медиация тәртібімен шешу» тақырыбына Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.Ормахановтың, Үкіметтік емес ұйымының өкілдерінің, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі сектор меңгерушісінің, Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысының  және мектеп пен колледждердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, кәсіби медиаторы мен мект

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

03/03/2017

Қарғалы аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) жасақталған  азамат  Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Семинар сабағы өткізілді

03/03/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мерзімдерді есептеу» тақырыбын талқылау мақсатында сот мамандары арасында семинар сабағы өткізілді.

Сотқа құрметтемеушілік білдірді

03/03/2017

Қазақстан Республикасының  «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Заңның 1- бабының  3-тармағына сәйкес, сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот төрелігінің мақсаты сот отырысына  қатысушылардан сот отырысының орнатылған тәртіптерін қатаң сақтау.

Мәртөк аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабы 1-бөлігіне сотқа құрметтемеушілік білдіру бойынша  әкімшілік іс қарады.