Архив событий

31/03/2017

Халықаралық шарттарды қолдану арқылы істерді қарау ерекшеліктері

31/03/2017

Мұғалжар аудандық сотында   2017 жылдың 3 айында халықаралық шарттарды қолданылып қаралған істер бойынша брифинг өткізді.

Іс-шараға аудандық сотының судьясы Ж.М.Сейтжапаров  және «Мұғалжар» газетінің өкілі Ә.Есқара қатысты.

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

31/03/2017

Ойыл аудандық сотында азамат К.-ге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Жаяу жүргінші дене жарақатын алды

31/03/2017

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен азамат М. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлімімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзуы салдарынан жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруі)  айыпты деп танылып, оған 34035 теңге әкімшілік айыппұл және 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазалары қолданылды.

Татуластыру рәсімдерінің қолданылуы туралы брифинг

31/03/2017

Мұғалжар аудандық сотында 2017 жылдың 3 айында татуластыру рәсімдерінің  қолданылуы атты  брифинг өтті. Брифингте аудандық соттың судьясы А.Е.Мусина татуластыру рәсімдерін қолдану тәртібімен аяқталған істер туралы «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі А.Есқараға  сұхбат берді.

Жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

31/03/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс оның ісін сотта қарау туралы арызына сәйкес  түсіп қаралды.

Жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін жауапталды

31/03/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат З.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Істе  көрсетілгендей, ол 2017 жылғы 4 наурызда Ақтөбе қаласы, «Әуеқалашық» ауданында, Қазақстан Республикасының Жол қозғалы ережелерінің 9.1, 9.2, 11.5.4 тармақтарының талабын бұзып, «Volkswagen» автокөлігін басқарып келе жатып, төрт немесе одан көп жол жолағы бар екі жақты қозғалысты жолда, темір жол өтпесіне 100 м. жақын жерде, оның басқаруындағы көлік құралы жол жүру ережесімен тыйым салынған жолдың қарсы жүру жағына шығып кеткен.

Бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды

31/03/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 24 - бабының  3-бөлігі, 191 - бабының 2 - бөлігінің 2-тармағымен (тонау) айыпталған аз. Д - ға қатысты қылмыстық іс қаралды.