Архив событий

17/03/2017

Мәртөк аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагерін Наурыз мерекесімен құттықтады

17/03/2017

Наурыз – бүкіл Шығыс халықтарына ортақ мереке. Қазақ халқы Наурызды ежелден құрметтеп, үлкен мән беріп тойлап келеді. Наурыз айының 21-нен 22-не қараған түні күн мен түн теңелетінін қаншама ғасырлар бұрын ғылым мен техника қазіргідей дамымаған заманның өзінде есептей білген. Бұл күнді қазақ «Ұлыстың ұлы күні», «Жаңа жылдың басы» деп түсінген. Сондықтан да Наурыз мерекесіне ерекше мән беріліп, ол күні 7 түрлі дәмнен наурыз көже пісіріп, қариялар мен жасы үлкен ағайын-туыстарын, көршілерін шақырып, бір-бірінің үйіне қыдырып қонақ болды.

Ғимарат ішіндегі бақылау – рұқсат қағаздарының режимін күшейту

17/03/2017

Хромтау аудандық сотында «Ғимарат ішіндегі бақылау – рұқсат қағаздарының режимін күшейту» тақырыбында  семинар сабағы өткізілді.

 Семинар сабағына Хромтау аудандық сотының төрағасы Балмұханов А.Ж., кеңсе меңгерушісі Таргенова А.Ш., аға сот приставы Жолмуханбетов Д.Н. және күзет қызметкерлері қатысты.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды

17/03/2017

Хромтау аудандық сотында «А» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 463-бабы 1-бөлімімен көзделген яғни- тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.

«А» ЖШС лицензиясы болмай тұра серіктестіктің аумағында атом энергиясы аясында жабық иондық сәуле шығаратын радиоизотоптық және рентген құрылғыларын пайдаланған.

«Ашық есік» күні

17/03/2017

Шұбарши ауылдық округінде сот төрағасы Н.А.Бактыгалиевтің қатысуымен тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, сот жүйесіне азаматтардың сенімін арттыру, сонымен қатар сот билігінің қолжетімділігін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өтті.

Қабылдау кезінде төраға Н.А. Бактыгалиевке азаматша Л.А. несие туралы жеке сұрақпен жүгінді.

Кездесу нәтижесінде азаматша Л.А.-ға заңнама талаптарына сай түсінік берілді.

Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау

17/03/2017

Алға аудандық сотында Ақтөбе облысында туылған сотталушы С.-ке қатысты қылмыстық  іс қаралды.

Іс  құжаттарына сәйкес, 2017 жылдың ақпанында  С. Алға ауданы Маржанбұлақ  ауылының  қасында, орман қорына кіретін, кесуге тыйым салынған   «Ұсақ жапырақты шегіршін» түріндегі екі  түп ағашты  өзінің тұтынуына пайдалану үшін өзімен бірге алып шыққан тұрмыстық шаруашылықта пайдаланатын  қол арамен заңсыз кесіп алған.

Есірткілік масаң күйде көлік жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

17/03/2017

Шалқар  аудандық сотында  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (автокөлігін есірткілік масаң күйінде басқарған ) азамат Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, 04.03.2017 ж. сағат 02.20-шамасында, ол Шалқар қаласы,  Желтоқсан көшесі бойында Audi B 5 маркалы автокөлігін есірткілік масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушы  кінәсін мойындады.

Халықпен кездесу

17/03/2017

Темір аудандық сотының төрағасы Н.А.Бактыгалиев мобильдік топтың мүшелерімен бірге тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында Шұбарши, Темір, Кеңкияқ және Тасқопа ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Көшпелі кездесу барысында сот төрағасы Н.А.Бактыгалиев тұрғындарға «Медиация туралы» Заңның ерекшеліктерін түсіндіріп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың « Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Қайталанып жасалған құқық бұзушылық

17/03/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушы туралы Кодексінің  442-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.