Архив событий

02/03/2017

Әйтеке би аудандық сотында семинар өткізілді

02/03/2017

Әйтеке би аудандық сотында «Сот приставтары туралы» Заңы бойынша семинар өткізілді.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының төрағасы А.Әбдіров, судья М.Мұхамбетқалиев, кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева, кеңсе мамандары және МКҚБ ММ қызметкерлері қатысты.

«Иматон» психотерапия орталығы қызметкерлерімен кездесу өткізілді

02/03/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Г.Б.Казбагамбетовамен «Иматон» психотерапия орталығы қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» және «Call-center» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

02/03/2017

Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабының 1 бөлігімен  (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы)  азаматша К.-ға  қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Тіркеусіз жолаушылар тасымалдаған

02/03/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463 бабының 1-бөлімімен (тіркеу, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, хабарлама жібермей қызметпен айналысу) азамат К.-ға қатысты іс қаралды.

Азамат К. мемлекеттік кірістер органдарына шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде есепке тұрмай, 2017 жылдың 21 ақпанында 13 сағат 50 минут шамасында, «Mercedes Benz» маркалы көлік құралын басқарып,  белгілі бір ақыға жолаушылар тасымалдаған.

Қарғалы аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

02/03/2017

Қарғалы аудандық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы Н.О.Аманкулова, Қарғалы ауданы прокурорының көмекшісі Н.Ильясов, кеңсе меңгерушісінің м.а. Р.Жонисова және сот мамандары қатысты.

Сот төрағасы іс-шараны ашып, өз баяндамасында ұлттық гендерлік саясат біздің еліміздің демократиялық процесінің маңызды негізі болып табылатынын атап өтті.

Әкімшілік қамаққа алынды

02/03/2017

Қарғалы  аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 6-бөлігімен қозғалған Р.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқықбұзушы Р. көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, 19.02.2017 жылы сағат 03.40 шамасында, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесінің бойында «ВАЗ 2107» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде  басқарған.

Сотта құқық бұзушының кінәсі оның кінәсін толық мойындауымен қатар іске тіркелген іс-құжаттарымен толық дәлелденді.

Азаматтық іс дауды медиация тәртібімен реттеу арқылы шешілді

02/03/2017
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «А» ЖШС «К» ЖШС-нен 74 360 (жетпіс төрт мың үщ жүз алпыс) теңге қарызды және 85 114  (сексен бір мың жүз он төрт) теңге өсімақыны өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Тараптар бітімгершілік келісімін жасады

02/03/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Х» ЖШС-нің банкроттық басқарушысы  «К» АҚ-нан  құны 439 421 256 (төрт жүз отыз тоғыз миллион төрт жүз жиырма бір мың екі жүз елу алты) теңге болатын  169 атауы бойынша  кепілдегі мүлікті өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылғы 27 ақпанындағы сот ұйғарымымен тараптар арасында бітімгершілік келісім бекітіліп, келесідей талаптар қойылды: