Ақтөбе облыстық филиалының «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық ұйымы өкілдерімен бірлескен қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы А.У.Коханова «Ардагерлер ұйымы» ҚҰ Ақтөбе облыстық филиалының өкілдерімен кездесу өткізді. «Ардагерлер ұйымы» қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» және Ақтөбе облысының Соттар Әкімшісінің «Call-center» тақырыбында түсіндірме өткізді.

А.У.Коханова өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әр адамның міндеті екендігін атады. Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетіміз бен демократиямызға нұқсан келтіретінін, сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдағы төзбейшілікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасау қажеттігін айтты.                                                                                               

Кездесу барысында орталық қызметкерлері өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға жеткілікті жауап алды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: