Сот төрағасы азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес сот төрағасы жұмыстағы уақыт тәртібі бойынша, күн сайын азаматтарды қабылдайды.

Азаматтарды қабылдау сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізіледі.

Сот төрағасы Н.Сұлтанов жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда Ақтөбе қаласының тұрғыны азаматы А.А., «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы апелляциялық шағымды жолдау туралы  сұрағымен жүгінді.

Кездесу қорытындысы бойынша азамат А.А-ға «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің жұмысы туралы ақпарат, сонымен қатар азаматтардың ыңғайлығына арналған Ақтөбе облысы бойынша соттар Әкімшісінің Саll-орталығы жұмыс жасайтындығы және туындаған сұрақтар бойынша хабарласып қажетті ақпаратты алуға болатыны туралы түсіндірме берілді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі