«Ашық есік» күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақпараттық ашықтықтықты арттыру, жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты күшейту, халықпен жиі кездесулер өткізу, оларға заңдарды және құқықтарын түсіндіру бүгінгі күні жергілікті соттардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Осы орайда Темір аудандық сотында өткізілген «Ашық есік» күнінде сот төрағасының қабылдауында еңбек ардагері, 1939 жылы дүниеге келген Шұбарқұдық кентінің тұрғыны Қисан Каметов болды.

Ардагер өзін қызықтырып жүрген медиация, татуласу рәсімдеріне қатысты сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.

Сот төрағасымен қойылған сұрақтарға заңға сәйкес жауаптар беріліп, татуластыру рәсімдері, оның ішінде медиация туралы түсіндірілді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі