Сот ұжымы аудандық «Темір» газетінің қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Темір аудандық сотының төрағасы Н.Бақтығалиев, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі И.Исмаилова аудандық «Темір» газетінің қызметкерлерін байланыс және ақпарат қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен құттықтады.

 «Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі»-деп А.Байтұрсынов тегін айтпаса керек.  Аудан өмірінің тыныс-тіршілігінің айнасы аудандық «Темір» газетінің қайта жарық көргеніне биыл 45 жыл толып отыр.

Сот ұжымы атынан сот төрағасы мен кеңсе меңгерушісі атаулы мерекемен бұқаралық ақпарат құралының қызметкерлеріне шығармашылық табыс тілеп, сыйлықтарын тапсырды.

«Темір газеті» ЖШС директоры М.Әділхан келушілерге ризашылығын білдіріп, бірлескен жұмысқа сәттілік тіледі.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі