Жұмыстан босатылған қызметкердің құқықтары сотпен қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

С. «К» МКК-на бұрынғы жұмысына қайта орналастыруды, бос жүрген уақытына еңбекақысын, сот шығындарын және моральдық зиян үшін өтемақы өндіруді сұрап сотқа жүгінді.

Сот отырысында талапкер өкілі талабын толықтай қолдады, жауапкер өкілі талаппен келіспейтінін мәлімдеп, еңбек шартын жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қойды.

Ұсынылған дәлелдемелерді зерттей келе сот, «К» МКК-ң бұйрығын заңсыз деп тану туралы қойылған талапты негізді деп таныды. Себебі белгілі мерзімге жасалған еңбек шартын бұзуға жеткілікті негіз болмаған, С. өзінің келісімінсіз, еңбек шартына сәйкес келмейтін басқа лауазымға заңсыз ауыстырылғандығы анықталды.

Темір аудандық сотының шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды,  С. қатысты «К»МКК директорының еңбек қатынастарын үзу туралы бұйрығы заңсыз деп танылды, С. бос жүрген уақытына еңбекақысы, моралдық зиян үшін өтемақы және сот шығындары өндіріле отырып, «К» МКК-на бухгалтер лауазымына қайта орналастырылды, жауапкердің еңбек шартын жарамсыз деп тану туралы қарсы талабы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі