Архив событий

10/10/2017

Қобда аудандық сотында 2017 жылдың 9 ай жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

10/10/2017

10  қазан    2017  жылы   Қобда  аудандық сотымен  2017  жылдың  9   айында    атқарылған жұмысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.  

Жиынға сот төрағасы  А.Т.Анарбаев   және  жергілікті БАҚ  өкілі  Т.Казиев   қатысты.

2017  жылы  9  айында    аудандық   сотымен  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған

Ойыл аудандық сотында «сот ғимаратына өткізу режимін сақтау» сұрақтарына байланысты дөңгелек үстел кеңесі өтті

10/10/2017

Ойыл аудандық сотында аудандық сот ғимаратына өткізу режимінің сұрақтары бойынша жергілікті  МКҚБ-нің взвод қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға аудандық сотының судьялары, Ойыл аудандық МКҚБ-нің қызметкерлері және сот мамандары қатысты.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін қамалды

10/10/2017

Шалқар аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен (Сотты құрметтемеушiлiк) жасақталған У. жөніндегі  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 05.10.2017 ж. сағат 09.00-шамасында У.-дың қылмыстық іс бойынша белгіленген сот отырысына сотталушы ретінде алкогольдік масаң күйде келгені анықталды.

Азаматтық іс партисипативтік келісіммен аяқталды

10/10/2017

Шалқар сотында талап қоюшы Қ.-ның жауапкер Т.-дан неке  бұзу туралы  азаматтық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің 181-бабына сай тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтініш хаты мәлімдеуге құқылы.

Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуі мен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.

Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілік

10/10/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде сотталушы азамат И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралу сатысында.

Аталмыш іс бойынша 2017 жылы 02 қазанға тағайындалған сот мәжілісіне,  іс бойынша куә «К» сотқа алкогольдік масаң күйде келген.

Аталған жайт бойынша сот приставымен куә «К»-ге  сотта белгіленген тәртіпті бұзғаны және құқықбұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. 

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді қайталап жасағаны үшін қамалды

10/10/2017

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 9-бабына, сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізу барысында заң мен сот алдында бәрі тең. Тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

«Медиация ұғымы мен тарихы» тақырыбында семинар өткізілді

10/10/2017

Ойыл аудандық сотының судьясы А.С.Төремұратова  Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінде «Медиация ұғымы мен тарихы» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында семинар  өткізді.  

Аталған шараға мектеп мұғалімдері қатысты.  

Семинар барысында судья А.С.Төремұратова «Медиация ұғымы мен тарихы» тақырыбында баяндама жасады.

Мектеп директоры М.С.Жонысова мектептегі медиацияның үлестері мен мақсаты жөнінде айтып өтті.