Архив событий

16/10/2017

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» тақырыбында семинар өткізілді

16/10/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға төраға міндетін атқарушы Қ.М.Мұратов  және кеңсе мамандары қатысты.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисін түсіндіруге байланысты семинар өтті

16/10/2017

Ойыл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында орталық қызметкерлері мен қелушілердің қатысуымен «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі» тақырыбында  семинар өтті.

Семинардың мақсаты – бүгінгі таңда халыққа қолжетімді бола бастаған жаңа электронды қызметтер туралы ақпараттандыру жұмыстарын түсіндіру.

Әйтеке би аудандық сотының ұйымдастыруымен Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейінде Президенттің«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»мақаласын талқылау тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

16/10/2017

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының төрағасы А.А.Әбдіров, сот мамандары, аудандық прокуратурасының аға прокуроры А.Арыков,аудандық мұрағаттың директоры Д.Ильясова, мұражай қызметкерлері мен мұрағат қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелдің жұмысын аша отырып, аудандық музейінің маманы Жалмухамбетов А.  қатысушыларға музей ішінде экскурсия жасап, мәдени мұра және тарихи ескерткіштерге тоқталды.

Қобда аудандық сотында пилоттық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды

16/10/2017

Қобда аудандық сотында  пилоттық жобасының үйлестіруші  судья Ш.Е.Есжанова,  кәсіби  емес  медиаторлар, ауылдық округтін  әкімдерінің  қатысуымен  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.

Қобда аудандық сотында брифинг өтті

16/10/2017

Қобда  аудандық сотында «Қобда » аудандық газетінің тыс тілшісі           Егизбай А.          қатысуымен және «Сот кабинеті»  ақпараттық сервисі арқылы  талап арыздар жолдау, арыздар мен өтініштер беру аппеляциялық шағымдарды тапсырылуы туралы және Мемлекеттік органдармен электронды құжат айналым бойынша «БЭҚАЖ»  ақпараттық жүйесі туралы  брифинг өтті.

«Сот кабинеті сервисінің артықшылдықтары» тақырыбына семинар өткізілді

16/10/2017

Хромтау ауданындағы  «Халыққа қызмет орталығы» бөлімінде халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот төрелігіне ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Хромтау аудандық сотының мамандарымен «Сот кабинеті» сервисі арқылы талап қою арыздарын және сот бұйрығын шығару туралы арыздарды беру тәртібін келушілер мен ХҚКО-ның мамандарына түсіндіру бойынша семинар сабағы өткізілді.

Байғанин аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

16/10/2017

Байғанин аудандық сотында 2017 жылы 9 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Байғанин аудандық қоғамдық-саяси «Жем-Сағыз» газетінің редакторы Ұ.Қ.Қадірдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихатының барысында аудандық соттың төрағасы Ж.Б.Қуанышев 2017 жылғы 9 айдағы жұмысының қорытындысы бойынша баяндамасын оқып, келесі статистикалық мәліметтерді көрсетті:

Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

16/10/2017

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) А.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат А.Б. алкогольдік масаң күйінде өзімен бірге тұратын әкесі К.А.-ға қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Ақтөбе қалалық сотымен дау медиация тәртібімен реттелді

16/10/2017

Ақтөбе қалалық сотымен  талап қоюшы К. жауапкер С.-нен тауарды қайтару және ақшасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы өз арызын, жауапкер оған алтын түсті құны 150 000  теңге тұратын Apple iPhone 6  -64 GB сатқанын негіздеп, осыған байланысты жауапкерден аталған соманы өндіруді сұраған.

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшының талаптары қанағаттандырылды

16/10/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы К. жауапкер «Е.» АҚ-нан банктік қарыз шартын ішінара жарамсыз деп тану және ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы К.-ның өз талаптарын  жауапкер «Е.» АҚ-мен арасында банктік қарыз шарты жасалынғанын, ай сайын банк шотын жүргізген үшін банкке комиссия төлегенін негіздеп, шарттың аталған пункті заң талабына сәйкес келмейтіндіктен,жауапкерден банк шотын жүргізген үшін төленген 104 964  теңгені өндіруді сұраған.

Ақтөбе қалалық соты еңбекақы өндіру туралы талапты қарап, талап арызды қанағаттандырды

16/10/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы Д., Е., К., О., С. , жауапкер  «К»  ЖШС-нен еңбекақы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап арызға сәйкес, талап қоюшылар 2017 жылдың наурыз айыннан бастап шілде айына дейін жауапкер «K.» ЖШС-де қызметкер болып жұмыс жасағаны, еңбекақыны уақытылы төлемегені үшін қарыз пайда болып, осыған байланысты сотқа жүгінген.

Талап қоюшы өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгініп, соттан еңбекақы бойынша қарыз ақшаны өндіруді сұрады.

Ақтөбе қалалық сотымен дау медиация тәртібімен реттелді

16/10/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы А. жауапкер С.-дан 90 000 теңге қарыз ақша және 90 000 теңге моралдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі тараптардың қатысуымен қаралды.

Талап қоюшының уәжіне сәйкес, ол жауапкер С. тапсырысы бойынша кафеге пластикалық қалқан орнатқан, осы жұмыстың бағасы 290 000 теңге құраған. Атқарылған жұмысқа жауапкермен тек қана 200 000 теңге төленген, қалған 90 000 теңге ақша қайтарылмаған.

Ақтөбе қалалық сотымен мүлікті пайдаланудағы кедергілерді жою туралы дау бейбіт тәртіппен реттелді

16/10/2017

Ақтөбе калалық сотымен талап қоюшы Ч. жауапкер Ш. мүлікті пайдаланудағы кедергілерді жою туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы өз талабын жауапкер металл үлесін үлестік меншіктегі жер телімінде  қондырғаннын негізденген.

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы Ч. жауапкер  Ш. мүлікті пайдаланудағы кедергілерді жою туралы азаматтық ісі бойынша тараптар арасында медиация тәртібімен реттелген,   келісім бекітілген негізінде жауапкер мерзімде кедергіні жоюды міндеттенелген, талап қоюшы талап арыздан бас тартты.  

Ақтөбе қалалық соты дауды медиативтік келісімен шешті

16/10/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы С.-ның жауапкер С.-дан қарыз өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы С. жауапкер С.-дан 1 500 180 теңге көлемінде қарызға алып, аталған қарызды бір ай уақыт ішінде қайтаруға міндеттеме алғанын, алайда белгіленген мерзімде жауапкер аталған қарызды қайтармағанын негіздеген. 

Ақтөбе қалалық сотымен шығынды өндіру туралы дау бейбіт тәртіппен реттелді

16/10/2017

Ақтөбе қалалық сотына талап қоюшы Л. жауапкер В.-дан материальдық және моральдық шығынды өндіру туралы талап арызы жолданды.

Талап қоюшы өз арызында жоғарғы қабатта орналасқан жауапкер пәтерінен су тасқаны салдарынан материалдық және моралдық келтірілгенін негіздеген.

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы Л. жауапкер  В. материалдық және моралдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс бойынша тараптар арасында бітімгершілік келісіммен реттелген. Іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқты

16/10/2017

Қобда аудандық соты   Қазақстан Речпубликасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669 бабымен Ақтөбе облысында туылған, 24 жастағы азамат Қ.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау).

Ақтөбе қалалық соты дауды медиативтік келісімен шешті

16/10/2017

Ақтөбе қалалық соты талап қоюшылар А., О., С., Т. жауапкер  ЖШС-нен еңбекақы бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшылар өз талабын жауапкерге әр түрлі лауазымда жұмыс атқарғанын, алайда  жауапкер еңбекақысың уақытылы төлемей, қарыз пайда болғанын негіздеген. Талап қоюшылар жауапкерден еңбекақылары бойынша қарызды және зейнетақы қорын аударуды бос жүрген мәжбүрлі уақыты үшін өтемақыны өндіруді  сұрады.