Архив событий

26/10/2017

Ақтөбе облыстық сотында судьялардың жалпы отырысы өткізілді

26/10/2017

Ақтөбе облыстық сотында судьялардың кезекті жалпы отырысы өтті, іс шара барысында ҚР Президентінің 20 қазан 2017 жылғы №564  Жарлығымен қайта тағайындалған аудандық соттың төрағалары мен судьялары таныстырылды. 

Тасымбетов Сейфулла Закарияұлы – Ақтөбе қаласының №2 сотының төрағасы қызметіне тағайындалды, сот жүйесіндегі еңбек жолын 2005 жылы Темір аудандық сотының судьясы қызметінен бастаған, сонымен қатар Әйтеке би, Мұғалжар аудандық соттарының төрағасы қызметтерін атқарған.

Мұражайда кездесу өткізілді

26/10/2017

Шалқар аудандық сотымен аудандық тарихи-өлкетану мұражайында   Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласын талқылау мақсатында  «Рухани жаңғыру» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға мұражай директоры Н.Тлембаева, аудандық сотының кеңсе меңгерушісі міндетін атқарушы А.Болысбай және аудандық мұражай қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар қоғамдық жаңарудың негізі болып келетін жобаның міндеттері мен мақсаттарын талқылады.

Түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

26/10/2017

Шалқар аудандық сотының жетекші маманы А.Шекенова «Сот жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында А.Шекенова «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі туралы түсіндірме жасап оның жаңа ақпараттық сервисі мобильдіқ қосымшасы іске қосылғанын және оны ұялы телефонға қондыруға қол жетімді болғанын айтып өтті.

Ақтөбе қаласы Әкімдігінде үй иелерінің жеке меншік кооператив төрағаларының қатысыумен коммуналдық даулар бойынша жиналыс өтті

26/10/2017

Ақтөбе қаласы Әкімдігінде үй иелерінің жеке меншік кооператив төрағаларының қатысыумен коммуналдық даулар бойынша  жиналыс өтті.

Жиналыс барысында Ақтөбе қалалық сотының судьялары үй иелерінің жеке меншік кооперативі және тұтыну кооперативіне сотқа талап арызбен жүгіну барысында туындайтын кейбір мәселелерді, сонымен қатар, коммуналдық дауларды сот бұйрығы арқылы шешу мәселелерін анықталды.

Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, оларды қызу талқылап, қойылған сұрақтарына қызықты әрі толыққанды жауаптар алды.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26/10/2017

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық соты Б. және Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен сотты құрметтемеушілік белгілері бойынша 2 әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушылар Е.-ге қатысты қылмыстық іске сот отырысының болатын орны мен уақытын біле тұра, ешқандай себепсіз сот отырысына келмей, салдарынан сотқа қатысушылардың наразылықтарын тудырып, сот отырысын кейінге қалдыруға, сотта аталған күнге тағайындалған істерді қарауға кедергі келтірді.   

Дауды татуласу рәсімімен шешу

26/10/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер Б.-ға әкелікті анықтап, алимент өндіру туралы  талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар  сотқа татуласу келісімін тапсырып, онда араларындағы келісілген шарт бойынша: