Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық соты Б. және Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен сотты құрметтемеушілік белгілері бойынша 2 әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушылар Е.-ге қатысты қылмыстық іске сот отырысының болатын орны мен уақытын біле тұра, ешқандай себепсіз сот отырысына келмей, салдарынан сотқа қатысушылардың наразылықтарын тудырып, сот отырысын кейінге қалдыруға, сотта аталған күнге тағайындалған істерді қарауға кедергі келтірді.   

Сот отырысында құқық бұзушылар өз айыбын толық мойындады. 

Сот Б. және Д.-ға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оларға жеңілдетілген мән жайларды ескере отырып, ескерту  түрінде әкімшілік жаза тағайындады. 

Әкімшілік жауапкершілікке тарту кінәлі тұлғаны моральдық тұрғыдан азаптау немесе азап шектіру емес, оның мақсаты құқықбұзушылық жасаған адамды тәрбиелеу, яғни құқықтық тәртіпке үйрету, сонымен қатар құқықбұзушыға және басқа да азаматтарға жаңадан тәртіп бұзуға жол бермеу.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі