Түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотының жетекші маманы А.Шекенова «Сот жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында А.Шекенова «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі туралы түсіндірме жасап оның жаңа ақпараттық сервисі мобильдіқ қосымшасы іске қосылғанын және оны ұялы телефонға қондыруға қол жетімді болғанын айтып өтті.

Сонымен қатар, мобильдік қосымшасы «Сот кабинеті» ақпараттық сервисімен байланыстырылғанын,  аталмыш қосымшаның қызметі бойынша жіберілген және күтіп жүрген сот құжаттарын, сот мәжілісінің қатысушыларының күнтізбесін, істерді қарау тізімін, хабарландыруларды қарау мүмкіншілігі жөнінде қарастырылғанын атап көрсетті.

Кездесу соңыңда қатысушылар өз ой-пікірлерімен алмасты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі