Мұражайда кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотымен аудандық тарихи-өлкетану мұражайында   Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласын талқылау мақсатында  «Рухани жаңғыру» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға мұражай директоры Н.Тлембаева, аудандық сотының кеңсе меңгерушісі міндетін атқарушы А.Болысбай және аудандық мұражай қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар қоғамдық жаңарудың негізі болып келетін жобаның міндеттері мен мақсаттарын талқылады.

Кездесу жұмысын аша отырып, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Н.Тлембаева қатысушыларға мұражай жұмысы бойынша баяндама жасап мәдени мұра және тарихи ескерткіштерге тоқталып өтті.

А.Болысбай өз сөзінде, Елбасының мақаласы бүгінгі күні өзекті қоғамдық-саяси және мәдени-этникалық негіздерді жетілдіру тұрғысынан және автор идеяларымен тұжырымдалған бірқатар нақты шаралардан тұратынын атады.

 Іс-шара барысында қатысушылар қазақ тілінің мәртебесін дамыту  үшін бағдарламалар мен іс шаралар ұйымдастыру және латын тіліне көшу туралы мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, кеңсе меңгерушісі А.Болысбай «Мобильдік сот кабинеті туралы» түсіндірме жасап өтіп мұражай қызметкерлерін ұялы телефон арқылы сервиске тіркелуге шақырды.

Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар айтылған ұсыныстар мен бастамаларға қолдау көрсетіп, тапсырмаларды орындауға кірісетіндерін жеткізді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі