«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында  сот төрағасы А.Ж.Балмұхановтың, судья Е.Жеткергеннің, кеңсе меңгерушісі А.Таргенованың, аудандық прокуратураның  прокуроры А.Махмудовтың, аудандық ІІБ өкілдерінің қатысуларымен семинарлық сабақ өткізілді. 

Семинар барысында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жағдай туғызатын кері әрекеттерді жою мәселелері талқыланды.

Төраға А.Балмұханов өз сөзінде, сыбайлас жемқорлық мемлекет үшін ең қауіпті құбылыстардың бірі екенін, ол мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтінін айта келе, бұл мәселемен күресу тек құқық қорғау органдары ғана емес, әр-бір азаматтың міндеті және құқықбұзушылық әрекеттерді жасырмай хабарлап отыруы тиіс екендігін айтып өтті.

Сонымен қатар, судья Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып осы келеңсіз құбылыспен күрестің мақсатын, міндеттерін, негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындаған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қабылдағанын айтты.

Іс-шарада қатысушылар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді талқылады.

Семинар соңында қатысушылар талқыланған мәселелердің әрдайым назарда екендігін айтты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі