Хромтау аудандық сотында «жергілікті және басқа да соттар қызметінің жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелшік ұсыныстар» тақырыбына семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында «жергілікті және басқа да соттар қызметінің жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелшік ұсыныстар» тақырыбына семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағына сот судьялары және сот мамандары қатысты.

Сот төрағасы А.Ж.Балмұханов өз баяндамасында мониторинг жалпы мойындалған халықаралық стандарттарға сәйкес сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын одан әрі жақсарту, судьялар корпусының кәсіби деңгейін арттыру және азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сотта қорғалу тетігін жетілдіру мақсатында қолданылатынын атап өтті. Аталған мониторингтің қағидаларына сот төрелігін жүзеге асыру бойынша сот қызметіне араласпау;  соттар жұмысының сапасын бағалау кезіндегі тәсілдер мен өлшемдердің тұтастығы; қолданылатын әдістердің сот төрелігі саласында жалпы мойындалған стандарттарға сәйкестігі; оның нәтижелерін судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігін кемсітетін мақсатта қолдануына жол бермеушілік жатады. Сонымен қатар қатысушылармен соттардың қызметін бағалаудың өлшемдері зерттелді, олар : жергілікті соттар қызметінің жеке мәселелері;  сот төрелігін іске асыру сапасы; соттардың татуластыру рәсімдерін қолдануы; судья әрекеттеріне шағымдар, судьялардың кәсіби деңгейі; қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл деңгейі; сот отырысының өз уақытында басталмауы; сот процестерінің аудио-, бейнежазбаларын қолдану туралы мәліметтер; заңдарға, кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар; соттар әкімшілерінің қызметін бағалау рейтингі.

Іс-шара соңында мониторинг іс-шараларының қорытындылары мен ұсынымдары сот жүйесін одан әрі дамыту, сот құрылымы мен сот ісін жүргізу, сот әкімшілігін жетілдіру саласындағы, соның ішінде соттардың кадр резервін қалыптастыру, жергілікті соттардың лауазымды тұлғаларын тағайындау (ауыстыру) кезіндегі шешімдерді әзірлеу үшін қолданылатыны атап өтілді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі