Сотты құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  653-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық бойынша азаматша О-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (сотқа құрметтенмеушілік таныту).         

Құқықбұзушы О., қылмыстық іс бойынша процеске қатысушы жәбірленуші бола тұра, сотқа шақыру қағазымен тиісті түрде хабардар болса да, сотқа дәлелді себептерсіз келмей, сотқа құрметтемеушілік білдірген. Қылмыстық істі өзінің жоқ кезінде қарау мүмкін емес. Өзінің іс-әрекетімен, құқық бұзушы О. ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған, яғни процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк).

Істі қарау қорытындысы бойынша құқық бұзушы О. ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жариялау түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі