Өзбекстан азаматтары заңсыз еңбек қызметімен айналысқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық соты Өзбекстан Республикасының 4 азаматтына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарады.

Көші-қон полициясының қызметкерлері Мәртөк ауданы бойынша жедел профилактикалық іс шарасы жүргізу барысында  Өзбекстан Республикасының 4 азаматтын анықтаған, олар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы алмай отырып, Жайсан ауылында заңсыз еңбек қызметімен айналасқан.

Өздерінің іс-әрекетімен Өзбекстан азаматтары  шеделдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған.

Соттың қаулысымен құқықбұзушылар Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517 бабы 5 бөлімімен айыпты деп танылып, оларға жаза ретінде 5 тәулікке әкімшілік қамақ тағайындылды.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі