Мәртөк аудандық соты

Мәртөк аудандық сотында «Ахуалдық орталығының жұмысы және Мобильдық сот кабинеті туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

27/10/2017

Мәртөк аудандық сотында «Ахуалдық орталығының жұмысы және Мобильдық сот кабинеті туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағына сот мамандары қатысты.

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арыз қаралды

27/10/2017

Мәртөк аудандық сотында Мәртөк аудандық ОАА бас дәрігерінің азаматша У.-ды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арызы қаралды.

Мәртөк аудандық ОАА бас дәрігері Ақтөбе облысының маскүнемдік  емдеу ұйымына азаматша У.-ды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арызбен сотқа жүгінді.

Өзбекстан азаматтары заңсыз еңбек қызметімен айналысқан

24/10/2017

Мәртөк аудандық соты Өзбекстан Республикасының 4 азаматтына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарады.

Көші-қон полициясының қызметкерлері Мәртөк ауданы бойынша жедел профилактикалық іс шарасы жүргізу барысында  Өзбекстан Республикасының 4 азаматтын анықтаған, олар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы алмай отырып, Жайсан ауылында заңсыз еңбек қызметімен айналасқан.

Судья кездесу өткізді

20/10/2017

2017 жылдың 20 қазанда Мәртөк аудандық сотының судьясы Е.Нуршарыпов Мәртөк ауылының №3 орта мектебінде оқушылар арасында  түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Кездесудің басты мақсаты  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес кәмелет жасқа толмағандардың әкімшілік жауапкершіліке тарту және оған қолданылатын жаза түрлері бойынша түсіндіру.

Ашық есік күні

18/10/2017

Мәртөк аудандық соты 04.01.2017 жылғы сот төрағасының өкіміне сай, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын-алу мақсатында, әр айдың екінші сәрсенбісі – «Ашық есік күні» деп белгіленді.

Іс-шараның мақсаты – сот жүйесінің  жұмысына сенімін арттыру,  сот имиджін көтеру, сот қызметімен таныстыру, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және әділдік пен заңдылық  өмірдің  ұстанымы екендігін түсіндіруге бағытталған.

Дөңгелек үстел өткізілді

17/10/2017

2017 жылы 17 қазанында  Мәртөк аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру. Мектеп медиация» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шарасаға судья Е.Нуршарыпов, «Жастар ресурстық орталығы» ҚБ-нің өкілі А.Утаралина, ҚБ «Болашақ» М.Қайролла, Мәртөк ауылы бойынша кәсіпби емес медиаторлар Б.Казанбаев, И.Данияров және Г.Кужирова қатысты.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

17/10/2017

16.10.2017 жылы Мәртөк  аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқыбұзушылық туралы Кодексінің 434 бабы 1 бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша айыптағылған Мәртөк ауданының тұрғынын кінәлі деп таныды.

Тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс тоқтатылды

13/10/2017

Мәртөк  аудандық соты азамат К.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Сотта анықталғандай, азамат К., өз үйінде тұрмыстық ұрыс-керістің барысында  жұбайына былапыт сөйлеп, сыйламаушылық білдіріп, тұрғын үйде тыныштықты бұзған.  

Сот отырысында азамат К., жұбайына былапыт сөйлегені жөнінде өз кінәсін мойындап, өкінді.

Мәртөк аудандық соты бұйрық өндірісіндегі 11 арызды электронды форматта қарады

13/10/2017

Ағымдағы жылдың 17 шілде күнінен бастап Республика соттарында азаматтық  іс жүргізу бойынша сот бұйрығын шығару туралы арыздарды электронды форматта қарау  енгізілді.

Енгізілген жаңалық арызды тіркеу сатысынан бастап,  судьяның сот актісін жасауы, орындалуға жолдануы тек қана электронды форматта қарастырылып, азаматтық істер бойынша  қағаз іс жүргізуінің азайуына мүмкіндік береді.

Бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

03/10/2017

Мәртөк аудандық соты пробация қызметінің сотталған К.-ға қатысты  бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын қарады.  

Іс материалдарына сәйкес, сотталған К.-ға Мәртөк аудандық сотының 24.05.2017 жылғы  үкімімен 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы және жылына 240 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарту  тағайындалған. Бірақ сотталған К. ешбір себепсіз тіркеуге бармай және мәжбүрлі еңбек етуге келмеген.

Беттер