Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-2-бабы 1-бөлігімен (Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау) Х.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат Х. өзімен бірге тұратын заңды некедегі зайыбы И.-ға қорлап тиісіп, жұдырығымен сол жақ иығынан бір рет ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратып, құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші Ж.И. құқық бұзушы Т.Х.-ға кешірім беретінін, олар өзара бітімгершілікке келгендерін айтып, сотқа медиативтік келісім шартын ұсынып, осы істі тоқтатуды сұрады.

Соттың қаулысымен осы әкімшілік іс Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 64-бабының 1-бөлігіне (Тараптардың татуласуына байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату) сәйкес тоқтатылды.

Сонымен қатар, оның жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында оның мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгілеу туралы Байғанин аудандық ішкі істер бөлімінің өтінішхатын сот қанағаттандырды.

    Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі