Байғанин аудандық соты

Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

20/10/2017

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-2-бабы 1-бөлігімен (Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау) Х.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат Х. өзімен бірге тұратын заңды некедегі зайыбы И.-ға қорлап тиісіп, жұдырығымен сол жақ иығынан бір рет ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратып, құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Мас жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

19/10/2017

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, құқық бұзушы А. «УАЗ 22069 332» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарып, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармақтарын бұзып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алды

19/10/2017

Байғанин аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 669-бабымен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Мас жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

17/10/2017

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы Қ.А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Қ.А. «Трактор Белорусь 80» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарып, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармақтарын бұзып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

17/10/2017

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-2-бабы 1-бөлігімен (Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау) Р.Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, алкогольдік масаң күйіндегі азамат Р.Н. өзімен бірге тұратын азаматтық некедегі зайыбы А.Б.-ға қорлап тиісіп, жұдырығымен бетінен бірнеше рет ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратып, құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Байғанин аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

16/10/2017

Байғанин аудандық сотында 2017 жылы 9 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Байғанин аудандық қоғамдық-саяси «Жем-Сағыз» газетінің редакторы Ұ.Қ.Қадірдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихатының барысында аудандық соттың төрағасы Ж.Б.Қуанышев 2017 жылғы 9 айдағы жұмысының қорытындысы бойынша баяндамасын оқып, келесі статистикалық мәліметтерді көрсетті:

Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

16/10/2017

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) А.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат А.Б. алкогольдік масаң күйінде өзімен бірге тұратын әкесі К.А.-ға қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

12/10/2017

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) А.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат А.Т. өзімен бірге тұратын апасы Р.С.-ға қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

12/10/2017

Байғанин аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 669-бабымен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) А.Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, А.Н. 04.03.2016 ж. Ақтөбе қалалық сотының сот бұйрығының негізінде ай сайынғы табысының төрттен бір бөлігін  өндіріп алушы Ж.И.-дың пайдасына бір баласы кәмелетке толғанша алимент төлеуге міндеттелген.

Бұзақыға әкімшілік айыппұл салынды

06/10/2017

Байғанин аудандық сотында ұсақ бұзақылық дерегі бойынша М.Я.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, М.Я. алкогольдік мас күйінде көшенің бойында сусынның бос шынысын және пакетті лақтырып, ортақ пайдалану орынын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылықты көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Беттер