Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) А.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат А.Б. алкогольдік масаң күйінде өзімен бірге тұратын әкесі К.А.-ға қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші К.А. құқық бұзушы А.Б.-ға кешірім беретінін, олар өзара бітімгершілікке келгендерін айтып, сотқа медиативтік келісім шартын ұсынып, осы істі тоқтатуды сұрады.

Соттың қаулысымен осы әкімшілік іс Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 64-бабының 1-бөлігіне (Тараптардың татуласуына байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату) сәйкес тоқтатылды.

Сонымен қатар, құқық бұзушының жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында оның мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгілеу туралы аудандық ІІБ-нің өтінішхатын сот қанағаттандырды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі