Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 669-бабымен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, М.-дан Байғанин аудандық сотының 2015 жылғы 28 мамырдағы шешімімен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның пайдасына 615 683 теңге қарыз өндірілген. Соған байланысты Ақтөбе облысының сот актілерін орындау Департаменті атқарушылық өндіріс қозғап, шешімді ерікті түрде орындау туралы ұсынысты табыс еткен және ол қаулыны өз еркімен орындамаған жағдайда атқару санкциясы өндірілетіні және әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертіле тұра, сот шешімін орындамаған.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 76-бабының 3-бөлігіне сәйкес, соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болдады.

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының 125-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес, борышкер атқарушылық құжатты орындамағаны үшiн әкiмшiлiк не қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн. Жауапқа тартылу борышкерді атқарушылық құжатта көзделген әрекеттерді орындау міндетінен босатпайды.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы М. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 3 тәулікке  әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі