Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) А.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат А.Т. өзімен бірге тұратын апасы Р.С.-ға қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші Р.С. құқық бұзушы А.Т.-ға кешірім беретінін, олар өзара бітімгершілікке келгендерін айтып, сотқа медиативтік келісім шартын ұсынып, осы істі тоқтатуды сұрады.

Соттың қаулысымен осы әкімшілік іс Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 64-бабының 1-бөлігіне (Әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босату) сәйкес тоқтатылды.

 Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі